All posts by editor

«Қызық емес»: Талғат Теменов шәкірті Баянның кешірім сұрағаны туралы

Коллаж: sn.kz

Театр және кинорежиссері, кинодраматург Талғат Теменов QazaqAIRAN-ға берген сұхбатынла Баян Алагөзова туралы сөз қозғады, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Актриса әрі продюсер Баян Мақсатқызы өзінің сұхбатында өнердегі жолын ашқан ұстазы Талғат Теменовтен кешірім сұраған еді. Режиссер журналистің арадағы реніш туралы сұрағына атүсті жауап берді.

«Мұндай сұрақтар каналдың деңгейін түсіреді. Бұл жеке қарым-қатынастарға жатады. Баянның кешірім сұрағанынан, кешірім сұрамағанынан не өзгерді? Мен өз басым білемін. Иә, Баян менің шәкіртім. Қазақтың бүгінгі мәдениетінен, руханиятынан өз орнын шегелеп алған қазақтың қыздарының бірі. Оның кешірім сұрағанының өзі азаматтығы, кісілігі, кішілігі және оның ақылы. Өз басым ақылды қыздарды сыйлаймын, қашан да оларға тілекшімін. Баянға да солай. Біреудің кешірім сұрағаны, біреудің тойы мен үшін қызық емес. Мен олардан өтіп кеткенмін», — деді ол.

Семейде балалар төбесінен су сорғалаған апатты мектепте оқып жүр

Фото: видеодан скрин

Семей қаласының Восход кентіндегі №34 Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп жаңа оқу жылына дайын болмай шықты. Мектептің дәліздерінен төбеден су сорғалап, еденді толығымен басып қалған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Мұғалімдер шелек қойып уақытша шара қолданғанымен, мәселе шешілер емес. Әлеуметтік желіде ата-аналар дабыл қағуда.

«Балаларымыз апатты мектепте оқып жүр. Ылғалдан ауырып қалады, құлап жарақат алуы мүмкін», – деп жазды бір ана.

Алайда жергілікті билік бұл жағдайға нақты шешім ұсына алмады. Әкімдіктің ресми түсіндірмесіне сүйенсек, мектептің шатырына толық жөндеу қажет. 2024 жылдың қыркүйегінде жобалық-сметалық құжат дайындалып, сараптамадан өткен. Бірақ 2025 жылға сұралған қаржы әлі бекітілмеген. Қазіргі таңда шатырдың үш кабинетте, дәлізде және спортзалдың үстінде тесілгені айтылды.

Су кірген сыныптардан оқушыларды екінші ауысымға басқа бөлмелерге көшірген. Бірақ ата-аналар бір сұраққа жауап таба алмады: неге қаражат бөлінбей, балалар тағы бір жыл осындай жағдайда оқу керек?

«Бүгінде тек уақытша герметизация жұмыстары жасалуда. Ал толық реновация бағдарламасына мектеп тек 2026 жылы енгізілген», – деді облыс әкімі аппаратының баспасөз қызметі.

Бұл жағдай Семейдегі мектептердің ахуалына қатысты үлкен сын туғызды. Жергілікті биліктің әрекеті мен балалардың қауіпсіздігі қазір қоғам назарында.

Әлем чемпионаты: Шаршы алаңға қазақ боксшылары қашан шығатыны анықталды

Фото: ҚР Бокс федерациясы

World Boxing аясында Англияның Ливерпуль қаласында өтетін әлем чемпионатынында Қазақстан боксшылары алғашқы жекпе-жегін қашан өткізетіні анықталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

ҚР Бокс федерациясы боксшылардың алғашқы жекпе-жегінің уақытын жариялады.

4 қыркүйек

22:00

54 келі. Элина Базарова

90 келі. Сағындық Тоғамбай

5 қыркүйек

15:00

57 келі. Карина Ибрагимова

65 келі. Аида Әбікеева

6 қыркүйек

15:00

70 келі. Төрехан Сабырхан

22:00

60 келі. Бибарыс Жексен

60 келі. Виктория Графеева

75 келі. Надежда Рябец

7 қыркүйек

15:00

55 келі. Махмұд Сабырхан

80 келі. Нұрбек Оралбай

22:00

65 келі. Ертуған Зейнулинов

70 келі. Наталья Богданова

8 қыркүйек

16:00

80 келі. Гүлсая Ержан

22:00

75 келі. Сабыржан Аққалықов

+90 келі. Айбек Оралбай

9 қыркүйек

16:00

51 келі. Алуа Балқыбекова

22:00

85 келі. Бекзат Нұрдәулетов

48 келі. Назым Қызайбай

10 қыркүйек

16:00

+80 келі. Елдана Талипова

*Қазақстан уақыты көрсетілген.

 

«Арзан көрініп тұр»: Танымал блогердің дизайнерлік пәтері талқыға түсті (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Танымал блогер Мерей Абилова су жаңа пәтерін көрсетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Желі жұлдызы жеке парақшасында үйінің видеоларын бөлісті.

“Жаңа үйімізге қош келдіңіздер! Бәріңізге жұғысты болсын! Әне-міне деп пәтерімізге көштік. Үйдің көлемі 182 шаршы метр. Сіздерді кіреберіс пен үлкен айна күтіп алады. Өзімізден бөлек келетін қонақтарымыздың да жағдайын жасауға тырыстық. Оларға арналған ұйықтайтын бөлме, қол жуатын жер бар. Байқасаңыздар, үйдің ішіндегі жиһаздардың бәрі сұр түсті. Өйткені біздің қызымыз кішкентай. Бала болғасын заттарды кір қолдарымен ұстайды. Негізі, дизайнердің көмегіне сүйендік. Қонақ үйде тұрғандай сезімде болғымыз келді. Ойымызды дизайнерге айтып едік, бірден жасауға кірісті. Байқасаңыздар, қонақ үйдің атмосферасын береді. Жақындарымызды шақырып қоныс той жасап жатырмыз. Ас үйге үлкен шкаф алдым. Өйткені қонақ шақыратын болғасын ыдыс-аяқ көп керек. Артық заттарды сақтайтын арнайы бөлме де жасаттым”, – деді Мерей.

Желі қолданушыларынығ пікірі екіге бөлінді. Бірі үйге оң баға беріп жатса, енді бірі көңілдерінен шықпағанын айтты.

“Үйімнің ремонтын өзгерткім келді”, “Қанша ақша кетті екен?!”, “Шаңырақтарыңа береке кірсін”, “Іші жанға, сырты малға толы берекелі үй болсын! Әр біз қазағыма осындай үй бұйырсын”, “Үйде ұсақ-түйек, артық заттар көп сияқты”, “Залының дизайны арзан көрініп қалды”, “Барлығы талғаммен, әдемі әрі сәнді жасалған”, – деп жазды көпшілік. 

4-сынып оқушылары енді француз, неміс, ағылшын тілдерін оқиды

Фото: Pixabay

Қазақстанда 4-сыныптан бастап оқушыларға бірнеше шет тілін меңгеру мүмкіндігі беріледі, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. 

Бұл бастама балалардың тілдік дағдыларын ерте қалыптастырып, олардың болашақтағы білім алу және кәсіби жолында қосымша артықшылыққа ие болуына жол ашады.

Жаңартылған үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес, бастауыш мектептің жоғары сыныптарында (3–4-сынып) ағылшын тілі міндетті пән ретінде оқытылады. Ал 4-сыныптан бастап қосымша шет тілі ретінде француз немесе неміс тілін таңдауға мүмкіндік бар.

Бұл пәндер аптасына 2 сағаттан жүргізіліп, оқушының тілдік көкжиегін кеңейтуге бағытталған.

Мамандардың пікірінше, ерте жастан бірнеше тілді қатар меңгеру баланың ойлау қабілетін дамытып қана қоймай, әлемдік мәдениеттерді тануға, өзге елдердегі замандастарымен еркін тілдесуге мүмкіндік береді.