All posts by editor

Ақмола колледждерінде жүздеген миллион ұрланған

Фото: Pixabay

Студенттердің ақшасы тоналды: Ақмола колледждерінде жүздеген миллион ұрланған Ақмола облысының ТжКБ ұйымдарында тексеріс жүргізген ревизиялық комиссия студенттердің қаржысына қатысты жантүршігерлік фактілерді ашып берді. Бұл деректерді РОО «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысының Ақмола филиалы мен Қоғамдық кеңес жария етті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Аудит нәтижесінде бухгалтерияда қаржыны жасыру үшін нөлдерді өшіріп отырғаны анықталды: 3 млн теңге құжатта 3000 теңге болып көрсетілген; 2 млн теңге 2000 теңгеге «қысқартылған».

Құжаттар қолдан жасалып, кейбір шығындар «прокуратура тәркілеп алды» деген желеумен есептен шығарылған.

Колледждің ғимараты мен құрал-жабдықтары жеке адамдарға жалға беріліп, ешқандай келісім-шартсыз және төлемсіз пайдаланылған. Залал — шамамен 3 млн теңге. Сол «арендаторы» жалған түрде колледж қызметкері ретінде тіркеліп, жалақы алып отырған. Штатты да фиктивті қызметкерлермен «толтырған». Бір оқытушыға заңсыз 10 млн теңге аванс берілген, бірақ бұл қаржы қайтарылмаған. Директор мен бас бухгалтердің туыстық байланысы бар екені белгілі болды.

РОО «Жаңару» мен Қоғамдық кеңес бұл фактілерге дереу назар аударуды талап етіп, Экономикалық тергеу департаментін, Бас прокуратураны және Оқу-ағарту министрлігін іске араласуға шақырды.

«Сатқындық жасады»: Танымал трансгендер сүйіктісімен ажырасып кеткенін айтып жылап қалды

Фото: видеодан скрин

Танымал трансгендер, блогер Никонет сөз байласқан жігітімен екі жаққа кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Желі жұлдызы Threads парақшасында жазба жариялады.

“Адамдардың мені алдағанын жек көремін. Өйткені мен танымалмын, шынайымын әрі мейірімдімін. Елдің бәрі мені қызықтайды. Бірақ екеуміздің араласатынымызды біле тұра, ол басқа біреуді тауып алады. Әркім өз орын білсін. Мен ешкімді жоғалтқан жоқпын. Ол мені жоғалтты. Қыздар, естеріңізде сақтаңыздар! Ешкімнің сіздің сыртыңыздан екінші адаммен сөз байласуына құқығы жоқ. Біз құндымыз, ханшайымбыз”, – деді блогер.

Алайда блогер ажырасып кетсе де, экс-жігітінің фотоларын әлі сақтап жүргенін айтты.

“Мен ажырасып кеткенімді мойындаймын. Бір ай қарым-қатынас құрдық. Сол уақытта одан ештеңе сұраған жоқпын. Адамның мүмкіндігі өзін қуантуға жетеді деп ойладым. Ол маған бір тал гүл де сыйлаған емес. Оның берген гүлі қымбат көліктен де құнды еді ғой?! Құрбыларым: “Ол сен үшін ештеңе жасағысы келмейді” дегенді айтып отыр. Сатқындық менің жүрегімді жаралады. Қазір мен жылап отырмын, бірақ күліп айтамын: біз енді жай таныстар болып қалайық. Мен әлсіз болып көрінгім келмейді”, – деп жазды Никонет.

«Бір миллион кетті»: Ақбота-Нұр баласын мектепке қалай дайындағанын айтты

Фото: instagram.com/akbotanurabaykyzy

Танымал әнші, актриса Ақботанұр Сейітмағамбет екі баласының мектепке қажетті заттарына қанша қаржы жұмсағанын айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Өнер жұлдызы өз сөзінде балаларына қандай заттар алғанын тізбектеп айтып шықты.

«Костюм-шалбары, мектепке керекті құралдары, спорт киімдері – осының бәрін есептеген 1 миллион теңгенің ар жақ, бер жағы кетті», – дейді Ақботанұр Сейітмағамбет.

Әншінің бұл сөзі желі қолданушыларын таң қалдырмай қоймады.

«Миллион дей ме? Бізге берсе балаларымның бәрін киіндіріп, өзіміз киініп, оған қоса азық-түлік аламыз ғой», «Менің 4 балама 150 000 тг кетті десем, талып қалатын шығар», «Миллионға не алып жүрсіңдер соншама», «3 балама 200 мың теңге болды, шүкір, жеткіздік», «Әнші боламыз ба, не істейміз?» – деп жазды желі қолданушылары.

Өзбекстан Ресейге дипломатиялық нота жолдады

Фото: Gazeta.uz

Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі Ресей тарапының мигранттарға қатысты әрекеттеріне байланысты ресми қарсылық білдіріп, дипломатиялық нота жолдады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Министрліктің мәліметінше, Ресей аумағында кей жағдайларда Өзбекстан азаматтарына рұқсатсыз тексерулер жүргізіліп, дөрекі және құрметсіз қарым-қатынас жасалған. Мұндай әрекеттер екі ел арасындағы достық қатынастарға қайшы келетіні атап өтіліп, олардың алдын алу үшін нақты шаралар қабылдау қажеттігі көрсетілді.

Өзбекстан СІМ барлық азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиеті қорғалуы тиіс екенін, сондай-ақ адам құқықтары мен халықаралық құқық нормаларының сақталуы қажет екенін қатаң мәлімдеді.

Мәскеудегі Өзбекстан елшілігі Ресей Сыртқы істер министрлігіне жолдаған нотада мынадай мәселелер көрсетілді:

– Ресей аумағындағы кейбір құқық қорғау органдары өкілдері тарапынан күш қолдану жағдайлары;
– мұндай әрекеттердің адам құқықтарының өрескел бұзылуы екендігі;
– орын алған оқиғаларға құқықтық баға беру қажеттігі.

Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі бұл мәселені тұрақты бақылауда ұстайтынын және қажет болған жағдайда қосымша шаралар қабылдайтынын жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілер мен БАҚ-та Ресейде таксист боп жұмыс істеп жүрген Өзбекстан азаматына жергілікті тұрғындардың бірі аузына келгенін айтып, «сендер – орыстардың құлысыңдар» дегенін көрсететін ақпарат пен бейнежазба тараған болатын.

«Жұлдыздай бола алмайды»: Қайрат Нұртас ақ көйлек киген арумен көзге түсті

Фото: видеодан скрин

Әлеуметтік желіде әнші Қайрат Нұртастың қалыңдық көйлегімен түскен қызбен түскен бірнеше видеосы тарады, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

Жансұлу Әнуар есімді қыздың парақшасындағы видеоларынан Қайрат Нұртаспен арнайы фотосессия жасағандарын байқауға болады.

Сонымен қатар, оның махаббат жайлы жазбалары көпшілікті алаңдатып қойды.

«Жұлдыздай бола алмайсың-ау сен», «Екінші әйелі осы шығар», «Не болып жатыр мына жақта», «Жай жарнама секілді», «Байлық не істетпейді», деп жазды желі қолданушылары.