Баламды қандала шағып тастады: Оралда ата-ана лагерьдің үстінен шағымданды
Оралда «Атамекен» қалалық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығында болған баланы қандала шаққаны жөнінде мәлімет тарады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Баланың анасы Instagram әлеуметтік желісінде мәлім еткендей, ұлы № 42 «Ақ ниет» гимназиясының 7-сыныбында оқиды. Оның жазуына қарағанда, биыл оқушыларды «Атамекен» балалар лагеріне 5 күнге тегін демалуға жіберген. Балалар 15-19 шілдеде лагерьде болған. Ұлы 19 шілдеде лагерьден келгенде, үсті-басын…
