editor

Түркия билігі Instagram-ды бұғаттап тастады

Түркия жұма күні таңертең ел аумағында Instagram-ды бұғаттап тастады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Дегенмен билік оның себебін атаған жоқ. Әлеуметтік желі мобильдік қосымшада да, компьютерде де қолжетімсіз. Ақпараттық технологиялар және байланыс жөніндегі кеңес шешімі бойынша 2 тамызда Instagram.com сайты бұғатталды, — делінген мәліметте. Әзірге бұғаттау қанша уақытқа созылатыны айтылған жоқ. Фото: Pixabay

Толық оқу

Хан Тәңірі шыңын бағындырмақ болған туристер ажал құшты

Хан Тәңірі шыңын бағындырмақ болған алматылық және мәскеулік туристер ажал құшты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап. Туристер таудың Қырғызстан жақ бетінде қар көшкінінің астында қалып қойған. Төтенше жағдай альпинистер бес мың метр биіктікке көтерілгенде болыпты. Төрт адамнан құралған альпинистер тобын көшкін таңғы уақытта басып қалған. Абырой болғанда, үшеуінің басы қар арасындағы ойықтан…

Толық оқу

Мемлекет басшысы Конго Республикасының Президентімен шағын құрамда келіссөз жүргізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Дени Сассу-Нгессоға ілтипат білдіріп, оның елімізге бұл сапарының тарихи маңызы зор деп бағалады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.  Қазақстанға қош келдіңіз! Сіздің бұл алғашқы сапарыңыз екі ел байланыстарын дамытуға тың серпін беретініне сенімдімін. Қазақстан мен Конго арасындағы ықпалдастықты одан әрі дамытуға мол әлеует бар деп есептеймін, – деді Мемлекет басшысы. Дени Сассу-Нгессо құрмет көрсеткені…

Толық оқу

Газада қаза тапқан палестиналықтардың саны 39 480-ге жетті

Соңғы 24 сағат ішінде Израиль армиясының шабуылынан эксклавтың тағы 35 тұрғыны қаза тапты, деп жазады  Qazaq Today ақпарат порталы Anadolu-ға сілтеме жасап. Палестинаның Газа секторындағы Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесінде Газа секторында 2023 жылдың 7 қазанынан бері жалғасып келе жатқан Израильдің шабуылдары нәтижесінде қаза тапқан палестиналықтардың саны 39 480-ге жеткені айтылды. Соңғы 24 сағат ішінде Израиль армиясының…

Толық оқу

Париж-2024: нысана көздеуден екі спортшымыз да іріктеуден өтпеді

Александра Ле мен Арина Алтухова Париж Олимпиадасындағы іріктеу сынынан өте алмады, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.  Екі спортшы 50 метрге үш позицияда нысана көздеуден сынға түсті. Өкінішке қарай, екеуі де финалға өте алмады. Александра Ле 10, Арина Алтухова 13-орында. Финалға алғашқы сегіз спортшы өтті. Фото: olympic.kz

Толық оқу
Яндекс.Метрика