editor

Байқоңырда қазақстандық төрт ресейлікті 23 млн теңгеге алдап кеткен

«Байқоңыр» кешенінің прокуратурасы ірі алаяқтық жасады деп күдіктелген қазақстандыққа қатысты тергеу жүргізді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Тергеу 22 жастағы жергілікті тұрғынның 2023 жылдың қыркүйегінен ағымдағы жылдың мамырына дейін қысқа уақыт ішінде үлкен табыс алу мүмкіндігі туралы ақпаратты желіде жариялағанын анықтады. «Алаяқ ол үшін оған әртүрлі қаржылық платформаларға инвестиция салатын ақшалай қаражатты аударуды ұсынды. Оның…

Толық оқу

Жапонияда тайфун салдарынан 40-қа жуық адам зардап шекті

Оңтүстік-батыс Кюсю аралында Жапония аумағына жеткен «Шаньшань» тайфунының салдарынан 39 адам зардап шекті және бір адам хабар-ошарсыз кетті. Бұл туралы NHK хабарлады, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. Жапониядағы тайфунның салдарынан барлығы 39 адам, оның 9-ы Кагосима префектурасында және 30-ы Миязаки префектурасында зардап шекті. Сондай-ақ, Кагосима қаласында 60 жастағы ер адам теңізге пирстен құлап, хабар-ошарсыз кетті….

Толық оқу

Алматы маңында жер сілкінді

29 тамыз күні Алматыға жақын маңда жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісінің мәліметінше, зілзала 01:47-де болған. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 24 шақырым жерде- Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 7,7. Магнитудасы MPV 3.7. Сезілгені туралы ақпарат жоқ. Фото: Pixabay

Толық оқу

Қарағандыда үш алып нәресте дүниеге келді — дәрігерлер дабыл қағуда

Қарағандыдағы перзентханада үш алып нәресте дүниеге келді. Бірінің салмағы бес жарым келі болса, қалған екеуі де соған жетеқабыл, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.  KTK ақпаратына сүйенсек, сәбилер кесер тілігі арқылы жарық дүние есігін ашқан. Сондай-ақ, дәрігерлер алпамсадай балалардың көбеюі дұрыс емес деп дабыл қағуда. Жалпы жыл басынан бері Қарағандыда осындай 59 бала дүниеге келген. Он баланың…

Толық оқу

Шығыс Қазақстанда атақты шипажай мемлекетке қайтарылды

Фото: ШҚО әкімдігі Бұл туралы ШҚО әкімдігі хабарлады, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.  «Рахман қайнары» шипажайы электронды сауда-саттық қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың балансына өтті. ШҚО әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, электронды сауда-саттық нәтижесінде шипажай Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының балансына берілді. «22 тамызда сауда-саттық өтті. Бүгінгі таңда нысанды қабылдауға мемлекеттік органдардан құралған комиссия барды….

Толық оқу
Яндекс.Метрика