editor

Талғарда изолятордан қашқан күдікті жиен қарындасын зорлаған болып шықты

Талғарда уақытша тергеу изоляторынан қашып кеткен күдікті әлі табылмай жатыр. Ер адам зорлық жасады деген күдікпен ұсталған еді. Талғар тұрғындарының айтуынша, ол өзінің жиенін зорлаған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 26 жастағы күдікті 21-қазан күні қашып кеткен еді. Ол қамалғанға дейін Тереңқара ауылында тұрған. Оның үйін полиция бақылауға алып күзетіп тұр. Ал оның туыстары ешкіммен сөйлескісі келмеген….

Толық оқу

Семейде жеті жасар баланы көлік қағып кетті

Семей қаласында Селевин көшесінде 7 жасар баланы жолдан жүгіріп өткен кезде көлік қағып кетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Абай облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап. Абырой болғанда, бала тек жеңіл жарақаттармен аман қалды. Жол-көлік оқиғасына кінәлі жүргізуші жаяу жүргіншіге жол бермегені үшін жауапқа тартылды. Полиция қызметкерлері көлік жүргізушілерін жол ережелерін қатаң сақтауға және сақ болуға шақырды.

Толық оқу

«Ішімдік ішіп, қарумен қорқытқан»: Қарағанды ​​облысында депутат қамауға алынды

21 қазан күні Қарағанды облысы Нұра ауданына қарасты Ахмет ауылында бейтаныс азамат ішімдік ішіп алып, 60 жастағы жергілікті тұрғынды қарумен қорқытқан, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Оның 38 жастағы аудандық мәслихаттың депутаты екені белгілі болды. Күдіктіге қатысты «Ұсақ бұзақылық» бабымен әкімшілік хаттама толтырылып соттың шешімімен 15 тәулікке қамауға алынды. Сондай-ақ, қылмыстық кодекстің «Қорқыту» және «Атыс…

Толық оқу

Түркияда балалардың өліміне себепкер болған дәрігерлер 589 жылға дейін бас бостандығынан айырылмақ

Түркияның Стамбул қаласында прокурорлар 21 сәбидің өліміне әкеп соқтырған заңсыз әрекеттерді жасаған бір топ дәрігерді 10 жылдан 589 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрады. Бұл туралы Qazaq Today ақпарат порталы Hürriyet басылымына сілтеме жасап хабарлайды. Басылым мәліметінше, қылмыстық топ мүшелері жаңа туған нәрестелерді мемлекеттік емдеу мекемелеріне емес, жеке клиникаларға жіберіп отырған. Тергеу мәліметінше, қылмыстық желіні Стамбулдағы Эсенюрт ауруханасында…

Толық оқу

Шымкент — Астана пойызында жолаушы әйел босанып қалды

№86 Шымкент — Астана пойызында жолаушы әйел қыз босанды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Әйел күйеуімен оңтүстік мегаполистен Астанаға бара жатқан, ол жүктіліктің соңғы айында болған. Жолаушылар тасымалы кәсіпорны баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 қазаннан 22 қазанға қараған түні сапар кезінде әйелдің толғағы қысқан. «Сағат 23:30-да күйеуі көмек сұрап, жолсеріктерге жүгінді. Пойыз бастығы Гүлшат Қарақұлова мен…

Толық оқу
Яндекс.Метрика