16 жастағы қыз мерт болды: Алматы облысында төрт адамды көлікпен қағып қашқан жігіт ұсталды
14 қарашада анықталмаған жүргізуші Есік қаласы Алтын Адам аллеясы көшесімен келе жатып, төрт жаяу жүргіншіні қағып, кейін ЖКО орнынан қашып кетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Жол апаты салдарынан 16 жасар қыз аудандық ауруханаға жатқызылды. 15 қараша күні таңертең ол алған жарақаттарынан қайтыс болды. Жол-көлік оқиға фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Жедел-іздестіру іс-шараларының…
