Ақтөбеде депо бастығы сотталып кетті
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Батыс» филиалы Жем пайдалану локомотив депосының бастығы сотталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. «Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық соты „ҚТЖ-Жүк тасымалы“ ЖШС „Батыс“ филиалы Жем пайдалану локомотив депосының бастығына қатысты үкім шығарды. Ол локомотив депосының кадрлар жөніндегі делдал-менеджері арқылы адамды тепловоз машинисінің көмекшісі лауазымына орналастыру үшін 1,5 млн теңге сомасында пара алғаны үшін кінәлі деп танылды», —…
