«Жағдайы ауыр»: Ақтөбеде аулаға жүгіріп шыққан 3 жасар бүлдіршінді көлік басып кетті (ВИДЕО)
Оқиға Ақтөбе қаласы Есет батыр тұрғын алабында болған, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. Оқыс жағдай ауладағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. 29 жастағы жүргізуші ішімдік ішпеген болып шықты. «1 желтоқсан күні сағат 15:20-да Toyota көлігінің жүргізушісі 2021 жылы туған қыз баланы қағып кетті. Қазіргі кезде бала ауруханада. Осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша іс қозғалды,…
