editor

Семейде 500 мың теңгеге диплом сатқан алаяқ ұсталды

Семей қаласында диплом сатамын деген сылтаумен алаяқтық жасаған жағдай анықталды, деп хабарлады Qazaq Today ақпарат порталы. 49 жастағы жергілікті тұрғын 28 жастағы әйелдің сеніміне кіріп, оған медициналық колледждің дипломын сатамын деп уәде берген. Осы уәдемен ол жәбірленушіден 500 000 теңге алып, қаражатты жұмсап жіберген. Жәбірленуші ақшасыз да, құжатсыз да қалды, ал күдіктіге қатысты алаяқтық фактісі…

Толық оқу

Ақтөбеде 5 баланың өліміне кінәлі көлік жүргізушісі сотталды

Самара-Шымкент тасжолында жүк көлігімен қарсы бағытқа шығып, жеңіл көлікке соқтығысқан жүргізуші сотталды, деп хабарлады Qazaq Today ақпарат порталы Kazinform агенттігіне сілтеме жасап. Жол апаты кезінде 8 адам қаза тапса, оның бесеуі бала. Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 37 жастағы жүргізуші Сергей Соловьевке қатысты сот үкімі шықты. Іс материалына сүйенсек, биыл тамыз айында ол…

Толық оқу

Щучинсктегі 3,5 млрд теңге бөлінген спорт кешені уәде орындалмаған құрылысқа айналды

Щучинск қаласы –Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш олимпиада чемпионы дүниеге келген жер және қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық дайындық орталығы. Айтса сенгісіз, бірақ дәл осы қалада бірнеше жыл бойы көпфункционалды спорт кешені салынып бітер емес. Бұл нысанның құрылысы 2021 жылдың шілде айында басталған еді және жоспар бойынша бір жылда аяқталуы тиіс болатын. Ал қазір 2024 жыл аяғына…

Толық оқу

Астанада бала зорламақ болған әскери қызметкер ұсталды

Фото: istockphoto.com Астанада Қорғаныс министрлігі Ақмола гарнизонының әскери қызметкері 8 жастағы балаға сексуалды зорлық көрсетті деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Бүгін Ішкі істер министрлігі фактіні растады. Министрдің орынбасары Санжар Әділовтың айтуынша, әскери-тергеу басқармасы әскери қызметшілердің біріне қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. «Кәмелетке толмаған жасөспірімге қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша…

Толық оқу

Анасын балағаттаған петропавлдық қамауға алынды

Солтүстік Қазақстан облысында анасын балағаттаған ер адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Петропавл.news басылымына сілтеме жасап. 48 жастағы жергілікті тұрғын анасына балағат сөздер айтқаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды. Ол бұрын да осыған ұқсас құқық бұзушылық жасаған. Ер адамға 30 күн ішінде анасына қатысты физикалық және психологиялық азап келтіретін немесе оған қауіп төндіретін қасақана заңсыз әрекеттер…

Толық оқу
Яндекс.Метрика