«Ең соңғы аялдамам»: Айгүл Иманбаева 2024 жылға қорытынды жасады
Өнер иесі биыл атқарған шаруаларына қорытынды жасады, деп жазды Qazaq Today ақпарат порталы. Алайда Айгүл Иманбаеваның жазбасы қорытындыға қарағанда, сауалға көбірек ұқсайды. «Жылдың аяқталуына санаулы күндер ғана қалды. Әдеттегідей жылды қорытындылайтын уақыт. Жасалған нәрсе көп, жасамағаным одан да көп. Бәріне алғысым шексіз, Жаратқанға! Мен кіммін? Қайда барамын? Менің ең соңғы аялдамам қандай деген сұрақтарды өзіме жиі қоямын….
