Тоқаевтың Жарлығымен Әділет министрі тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. «Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Жақсылықұлы Сәрсембаев Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымына тағайындалды», — делінген хабарламада. Бұған дейін ол Конституциялық сот судьясы қызметін атқарған. Алматы облысы Талғар ауданының тумасы.
