Азиада-2025: хоккейден ел құрамасы қарсыласын ойсырата жеңді
Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы қысқы Азия ойындарында хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы үшінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Қазақстандық команданың қарсыласы Қытай Тайбэйі командасы болды. Кездесу 17:0 есебімен Олег Болякин шәкірттерінің ірі жеңісімен аяқталды. Жеңімпаздар сапында Кирил Панюков бес гол соқса, Әлихан Өмірбеков пен Руслан Оспанов екі голдан соқты….
