editor

«Мен бұны жәй қалдырмаймын»: Нұрболхан Шараповтың қан-жоса болған суреті тарады

Танымал әзілкеш Нұрболхан Шарапов Instagram-дағы парақшасында қан-жоса болған суретін жариялады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Оның айтуынша, көптен бері әлеуметтік желіге шықпай қоюының себебі бар. «Инстаграмға шықпай қоюымның себебі осы. Мен бұны жәй қалдырмаймын. Соңына дейін барамын», — деп жазды ол. Желідегі суретке қарағанда әзілкешке әлдекімдер шабуыл жасаған. Алайда Нұрболхан Шарапов мән жайды толық баяндамады.

Толық оқу

Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық атағынан айырылып қалуы мүмкін

Фото: Нұрғали Жұмағазы Орта салмақтағы америкалық боксшы Джахай Такер (14-1-1, 6 КО) өз салмағындағы WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен (17-0, 12 КО) Қазақстанда жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты, деп жазады Qazaqtoday ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап.  — Мен Жәнібекпен 24-25 жасқа толмай тұрып жұдырықтасқым келеді. Мен оның еліне барып, белбеулерін тартып алып, үйіме қайтамын,…

Толық оқу

«40-тан кейін құтырған Дина»: Танымал тележүргізуші желіні шулатты (ВИДЕО)

Танымал журналист Дина Төлепберген өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жастармен билеген биін жүктеді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат порталы. Айтуынша ол Алматы қаласында концерті өткелі жатқан жас әнші Садраддинді қолдағысы келген. Оның «Таxi» атты биіне биледі. «Мына биімнің атауы көп: «40-тан кейін құтырған Дина», «Мықты ғой», «Талантта шек жоқ». Бүгін өнердегі інім Садраддинді қолдағым келіп отыр. Осындай ән…

Толық оқу

«Халықтың емін-еркін жүруі мұңға айналды»: Депутат Түркістанды шыбын-шіркей жайлағанын айтты

Фото: parlam.kz Түркістан облысында соңғы күндері шегіртке мен шыбын-шіркейдің күрт көбеюі тұрғындардың мазасын қашырды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат порталы. Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаевтың айтуынша, зиянкестермен күреске қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар басталған. «Отырар, Арыс, Шардара сияқты мал шаруашылығы дамыған аймақтарда жағдай қиын. Халықтың сыртта еркін жүріп-тұруы, тіпті тамақ ішуі де мұңға айналды. Бұл мәселеге облыс басшылығы назар аударып,…

Толық оқу

Дариға Назарбаеваның енесі қайтыс болды

Дариға Назарбаеваның бірінші күйеуі Рахат Әлиевтің анасы дүниеден озды. Бұл туралы Назарбаеваның ұлы Нұралы Әлиев желідегі парақшасында хабарлады, — деп жазады Qazaqtoday ақпарат порталы. «Бүгін менің сүйікті әжем Аника (Минавар Қадишқызы) бізді тастап, көкке кетті.  Ол мен үшін ерекше жан болды. Мен оның жанында ең кермет балалық шағымды өткіздім. Ол менің тәрбиемде үлкен рөл атқарды және…

Толық оқу
Яндекс.Метрика