Автобус 5 автокөлікті қағып өтті: Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды (ВИДЕО)
Алматыда автобус бес автокөлікті қағып, салдарынан алты адам зардап шекті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Апат Сейфуллин даңғылында болған. Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желіде жарияланды. Оқиға куәгері болған азаматтың айтуынша, №33 бағытында жүретін автобус жолындағы барлық көліктерді соғып өткен. Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, жекеменшік тасымалдаушыға тиесілі Yutong маркалы автобустың жүргізушісі Сейфуллин даңғылымен солтүстік бағытта…
