QazaqToday

50 келі гашиш және 700 грамм мефедрон: Алматының полицейлері биылғы жылдың ең ірі есірткі партиясын тәркіледі

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері патрульдік полиция қызметкерлерімен бірлесіп, күдікті азаматты ұстады. Ер адамнан ірі көлемде есірткі және психотроптық заттар тәркіленді, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап. Ер адамды жеке тінту барысында ішінде ұнтақ заты бар байламдар табылған. Ал оның тұрғылықты жерін тінту кезінде одан да…

Толық оқу

Теміртаудағы тексіздік: қарияны аяусыз соққыға жыққан 9 қазақ түгел қамалды

Видеодан кадр Қарағанды облысының Теміртау қаласында қарияны аяусыз соққыға жыққан балалар екі айға қамауға алынды. Олардың үстінен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабы 3-бөлігінің 3) тармақшасына (тонау) сәйкес қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Qazaq.today. Күдікті ретінде танылған 9 адамның барлығы, оның ішінде 7 кәмелетке толмаған бала Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 131-бабына сәйкес ұсталып, уақытша ұстау изоляторына…

Толық оқу

Жемқорлықтың символы: Астана LRT-ның бұрынғы басшылары қымбат үйлері мен жерлерін қайтарып жатыр

Астана LRT-ның бұрынғы басшылары елорда әкімдігіне қымбат үйлері мен жерлерін қайтарып жатыр. Олар жалпы сомасы 920 млн теңгенің дүние-мүлкін қайтарды, деп хабарлайды Qazaq.today. Елорда прокуратурасы мемлекет, оның ішінде жалғыз құрылтайшысы Астана қаласының әкімдігі болып саналатын «City Transportation Systems» ЖШС-нің (бұрынғы «Astana LRT» компаниясының) пайдасына қатысты сот актілерінің орындауларына талдау жүргізді. Қадағалау шараларымен борышкерлер мемлекет балансына…

Толық оқу

Алматыда синтетикалық есірткі сатумен айналысқан жас жұбайлар ұсталды

Алматыда синтетикалық есірткі сатты деген күдікке ілінген ерлі-зайыптылар ұсталды. Жас жұбайлардың үйінен де есірткі табылған, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралардың нәтижесінде екі күдікті – ерлі-зайыптыларды ұстады, олар есірткіні заңсыз таратумен айналысқан. Есірткі Нұршашқан шағын ауданында тәркіленді. Кейін тұрғын үйді тінту кезінде ұсталған адамдардан…

Толық оқу

2,5 жыл бос тұрған лауазым: Зеленский Украинаның Қазақстандағы жаңа елшісін тағайындады

Владимир Зеленский Украинаның Қазақстандағы жаңа елшісін тағайындады. Екі жылдан астам уақыт бос тұрған лауазымға Виктор Майко қызметке кірісті, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі Украина президентінің сайтына сілтеме жасап. «Виктор Майко Украинаның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалсын», — делінген Зеленскийдің жарлығында. Бұл қызметке келмей тұрып, Виктор Майко Украинаның Түрікменстандағы елшісі болған. Қазақстандағы Украина елшісінің орны 2022…

Толық оқу
Яндекс.Метрика