All posts by QazaqToday

Қаза тапқандар мен жараланғандар бар: Түркияда тағыда қуатты жер сілкінісі болды

AFAD мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі – Жерорта теңізі. Тереңдігі – 67,91 км, ал ең жақын құрлық – Мармариске қарасты Мұғла ауданы (10,43 км).

Шошынып қалған қаланың халқы түнімен далада жүрген.

TRT Haber басылымың мәліметінше, 1 адам қаза тауып, 69 адам түрлі жарақат алған. Жергілікті тұрғындар қауіпсіздік мақсатында ашық алаңдарға – саябақтар мен бақтарға шықты.

Мұғла губернаторы Идрис Акбиіктің айтуынша, жер сілкінісі қала өміріне айтарлықтай әсер еткен жоқ. Энергиямен, газбен, ауыз сумен қамтамасыз ету жүйелері мен кәріз жүйесі қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр. Тұрғын үй секторында да бұзылулар тіркелмеген.

Қазіргі уақытта далалық жұмыстар жалғасып жатыр. Құтқарушылар мен техникалық мамандар тұрғын үйлер мен инфрақұрылымдарды тексеріп жатыр.

Орынсыз қалжың орға жықты: Астана әуежайында әзілдескен шетелдік 15 тәулікке қамалып кетті

Фото: gov.kz/mvd-transport

Астана халықаралық әуежайында Түркия азаматы тыйым салынған заттар туралы жалған ақпарат бергені үшін қамауға алынды, деп хабарлайды Qazaq.today. 

Бұл оқиға туралы Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Құрмет Мәжікенов мәлімдеді. Оның сөзінше, Астана қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері әуе рейсіне тіркеу кезінде «Астана – Пхукет» бағытындағы ұшаққа отырғалы тұрған 47 жастағы Түркия азаматын анықтап, ұстады. Ол әуе компаниясының өкіліне әзілдеп, өзімен бірге тыйым салынған заттардың бар екенін айтқан.

«Қауіпсіздік қатерлеріне қатысты кез келген әзіл немесе мәлімдеме аса мұқият қарастырылады. Нақты қауіп болмаса да, мұндай әрекеттер қоғамдық тәртіпті бұзып, көлік инфрақұрылымының тұрақты жұмысына айтарлықтай кедергі келтіреді және оның соңы әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады», – деді полиция полковнигі.

Бұл ақпарат шұғыл тексеріліп, ңәтижесінде қатер расталмады. Дегенмен бұл оқиға тіркеу қызметінің жұмысына уақытша кідіріс келтіріп, жолаушылар мен әуежай қызметкерлері арасында алаңдаушылық туғызды.

Көлік полицейлері шетелдік азаматты жауапқа тартып, сот шешімімен ол 15 тәулікке қамауға алынды.

 

Қарағанды облысында пара алмақ болған шенеунік сотталып кетті

Фото: Видеодан скрин

Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан ауданының соты Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы Д. Хамзин мен қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы К. Қашқынбаевқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Qazaq.today.

Д.Хамзин Қазынашылық департамент ғимаратын жөндеу бойынша орындалған жұмыстар актісіне қол қойғаны үшін 1 миллион теңге пара алды деген айып тағылды. Сонымен қатар, Хамзин мен Қашқынбаев жалған жұмысқа адам орналастыру арқылы 2,5 миллион теңге жымқырған.

Оларға 55 млн теңге және 25,4 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар, өмір бойы мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінде жұмыс істеуге тыйым салынды.

Сот актісі әлі заңды күшіне енген жоқ. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағы мен Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін күдікті кінәсіз деп есептеледі.

Судья сотқа кіріп кеткен блогерді залдан қуып шықты

Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысында судья танымал блогерді залдан қуып шықты, деп хабарлайды Qazaq.today.

Сот отырысында жарыссөз кезінде қызық оқиға болды. Судья Жан Ахмадиевті залдан қуып шықты.

«Сіз кімсіз, жай қатысушысыз ба, кірмеңіз онда», — деп сот залынан қуып шықты.

Экс-министр Ажар Ғиният мектеп бітіргеніне 40 жыл толуын тойлап ауылында жүр

Фото: видеодан скриншот

Желіде бұрынғы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың сыныптастарымен бірге туған ауылында өткен 40 жылдық кешке қатысқаны туралы видео тарады, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

Ажар Ғиниятқызы Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданына қарасты Көпжасар ауылында дүниеге келген. 1985 жылы осы ауылдағы Дина Нұрпейісова атындағы орта мектепті тәмамдаған. Биыл мектеп бітіргендеріне 40 жыл толуына орай, экс-министр туған жеріне арнайы барып, сыныптастарымен бірге кешке қатысқан.

Желі қолданушылары Ажар Ғинияттың қарапайым келбетін ерекше атап өтіп, жылы лебіздерін білдірді.

«Керемет, қарапайым ауыл қызы», «Жарайсыз», «Мұндай көріністер жүрекке жылы» деген пікірлер көптеп жазылған.

Айта кетейік, Ажар Ғиният 2022 жылдың 11 қаңтарынан бастап 2024 жылдың 6 ақпанына дейін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі қызметін атқарған. Қазіргі уақытта ол Ұлттық балаларды оңалту орталығының директоры қызметін атқарады.

Сыныптастары арасында Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақын Мұнайдар Балмолда да бар. Ел алдында жүрген тұлғалардың қарапайым ауыл кешіне келіп, өткенін ұмытпай, ел-жұртымен қауышуы көпшілікке үлгі болуда.

Exit mobile version