All posts by QazaqToday

«Маскасы шешілді»: Асхат Садырбай бұрынғы әйелін сотта тағыда жеңіп шықты

Журналист, тележүргізуші Асхат Садырбай әлеуметтік желідегі парақшасында бұрынғы әйелімен сот процесі аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today.

Медиа маманы бұрынғы әйелін өзіне жала жауып, ел алдында қаралағысы келді деп айып таққан.

— Ақиқат жеңді! Өтіріктің құйрығы бір ақ тұтам. Маған жала жауып, ел алдында қаралағысы келгендердің бүгін туы құлап, позициялары тас-талқан болды. Жалған ақпаратты жалаулатып тапқан нандарың сіңімді болсын! Ал құрбан ролін ойнағандардың маскасы шешілді. Сөз жүзінде емес іс жүзінде! — дейді Асхат Садырбай.

Ол айтуынша, сот процесі бірнеше айға созылған. Садырбай өзіне ақпараттық шабуыл жасалды деп есептейді.

— Иә, құрметті оқырман, бүгін менің жеке басыма айтылған жалған ақпараттар, ар-намысым мен іскерлік беделіме нұқсан келтіру бойынша бірнеше айға созылған сот аяқталды. Жауапкер Қорабаева А. менің және менің отбасыма қатысты айтқан ақпараттардың біреуіне де дәлел бере алмады. Тіпті соттың бір сұрағына «өзім ойдан айта салдым» деген сыңайда жауап берді. Біреуге күлкі, біреуге өсек шығар. Бірақ бұл адамның өмірі мен тағдыры. Ақпараттық шабуыл маған және менің отбасыма ауыр тиді. Бұл сот болмас та еді. Алайда өтіріктің үстіне өтірік қосылып үдей берді. Ал, менің мақсатым біреуді соттау емес, өзімнің кінәсіз екенімді амалсыздан заң жүзінде дәлелдеу еді. Тіпті моральдық шығын да қажет емес, медиациямен шешейік дегенде де жауапкер тарап басында басқа сөйлеп, кейін қайтадан өз әдеттеріне салып кері кетті. Тіпті сот отырысына камера алып келіп шоу жасағысы келді. Қысқасы осымен тамам! Алдағы уақытта соттың ресми шешімін және қосымша ақпараттарды толық жариялаймын! Қолдаған жандарға мың алғыс. Аман болыңыздар!, – деп жазды журналист.

Айта кетейік, бұған дейін  Асхат Садырбайдың бұрынғы жұбайы Айғаным Қорабаеваның үстінен Алматы қаласының азаматтық істер жөніндегі сотына талап арыз жазған еді.

Қазақстан алтын қоры бойынша жетекші 20 елдің қатарына енді

Қазақстан алтын қоры бойынша әлемдегі жетекші 20 елдің қатарына енді. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан Астанада өткен Халықаралық тау-кен металлургия конгресінде айтты, деп хабарлайды Qazaq.today.

Вице-министрдің сөзінше, соңғы 10 жылда елімізде алтын кенін өндіру көлемі 2,2 есеге артқан.

«Сәйкесінше тазартылған алтын өндірісі екі есеге өсті. Осылайша Қазақстан алтын қоры бойынша әлемдегі 20 жетекші елдің қатарына кірді», — деді Иран Шархан.

Вице-министрдің мәліметінше бұл 420 миллиард теңге инвестиция тартуға мүмкіндік берді.

Ол 2026 жылға қарай барлау алаңын 1,9 миллион шаршы шақырымнан 2,2 миллион шаршы шақырымға дейін ұлғайту жоспарланып отырғанын айтты.

Дүниежүзілік алтын кеңесінің мәліметі бойынша 2025 жылы алтын қоры бойынша ТОП-3 ел:

  • АҚШ (8,13 мың тонна),
  • Германия (3,35 мың тонна),
  • Италия (2,45 мың тонна).

Батыс Қазақстанда 5 баласынан айырылған отбасыға баспана беріледі — Нариман Төреғалиев

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Сырым ауданында 5 баласынан айырылған отбасыға жан жақты қолдау көрсетілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today.

Нариман Төреғалиев Сырым ауданында қаза тапқан балалардың ата-анасы мен жақындарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.

«Менің тапсырмам бойынша оқиға орнына орынбасарым барды, аудан әкімі оқиға орнында, барлық қажетті қызметтердің жұмысын үйлестіріп жатыр», — деп жазды әкім әлеуметтік желідегі парақшасында.

Оның айтуынша әкімдік тарапынан барлық қажетті көмек көрсетіледі:

жерлеу рәсімін ұйымдастыру,

психологиялық көмек көрсету,

баспанамен қамтамасыз ету,

өзге де әлеуметтік қолдау шаралары.

Қазіргі уақытта оқиға орнында ТЖД мамандары, полиция департаментінің қызметкерлері, медицина қызметкерлері және басқа да тиісті қызмет өкілдері жұмыс істеп жатыр.

«Жағдай менің жіті бақылауымда», — деп түйіндеді Нариман Төреғалиев.

Кореялық жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қызы көшеде өлі күйінде табылды

Әлеуметтік желіде қазақ қызының Оңтүстік Кореяда асылып қалғаны туралы ақпарат тарады. Қазақ қызы шетелге 8 жыл бұрын кеткен. 43 жастағы келіншек саябақта асылып тұрған, деп хабарлайды Qazaq.today. 

— 1982 жылғы қазақстандық азамат саябақтардың бірінде өз-өзіне қол салып, өмірден өтті. Ол бұл елге 2017 жылы келіп, кәріс азаматына некеге тұрған. Екеуі заңды некеде. Орталарында бала жоқ. F-6 визасы болған (неке визасы). Полицияның мәліметінше, отандасымыз үйіне жақын орналасқан 25 мамыр күні сағат 3-тер шамасында өз-өзіне қол салған. Марқұмның денесін сол жерде жүрген кәріс азаматы таңғы 5-тер шамасында көріп қалып, құзырлы органдарға хабарлаған. Келіншектің денесінде ешқандай зорлық-зомбылық белгілері болмаған. Марқұм әйел ислам дінін ұстанған. Соған қарамастан күйеуі біле тұра, кремация жасаған. Яғни мәйітін өртеп жіберген. Полиция бұл іс бойынша толық тергеу жұмыстарын аяқтады. Марқұмның денесін елге жеткізу бойынша елшілік құжаттарды дайындаған, — дейді видео авторы.

Ол бұл істе ешқандай қылмыс болмағанын, қазақстандық әйел суицид жасағанын айтып отыр. Күйеуі марқұмның денесін құшақтап бергісі жоқ екен. Егер өз еркімен бермесе, мәжбүрлі шара қолданатын көрінеді.

Сыртқы істер министрлігі әзірге ешқандай ресми ақпарат таратқан жоқ.

Астанада пәтерлер, HUMMER H2, LX570 және 1,8 млрд теңге: «Amanat Drive» жетекшісі Көңілбай Шүкеновтың қулығы әшкереленді

ҚМА Алматы облысы бойынша департаменті «Amanat Drive» атауымен қаржы пирамидасының қызметін әшкереледі, деп хабарлайды Qazaq.today.

Қаржы пирамиданың ұйымдастырушылары азаматтарға пайызсыз бөліп төлеу арқылы жылжымайтын мүлік пен автокөлік сатып алуды ұсынған.

Алайда бұл міндеттемелер толық орындалмаған, ал мүлік туыстары мен жақындарына берілген. Нәтижесінде қаржы пирамидасы 8 мыңнан астам салымшыны тартқан, олардың жалпы салған қаражаты 21 млрд теңгеден асқан.

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру мақсатында, қаржы пирамиданың ұйымдастырушысы бірнеше деңгейлі заңсыз схема жасаған. Ол өз бақылауындағы заңды тұлғаларды — «Алло, не керек», «i-m@rketing», «Gold SapaPremium» ЖШС — пайдаланған.

Аталған компаниялар жалған жеткізушілер ретінде көрсетіліп, жарнама қызметтері, жылжымайтын мүлік пен көлік нарығына талдау мен болжау жүргізу секілді қызметтерді орындаған болып көрінген. Осы жалған шарттар негізінде 1,8 млрд теңгеден астам қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылып, сыртқа шығарылған.

Қылмыстық кірістер есебінен жеке тұрғын үйлер, астанада пәтерлер, сондай-ақ HUMMER H2 және Lexus LX570 маркалы қымбат автокөліктер сатып алынған. Бұл мүліктер мүмкін болатын тәркілеуден жасырыну мақсатында сенімді адамдардың атына рәсімделген.

Сот санкциясымен аталған мүлікке және тұтыну кооперативінің шоттарына тыйым салынды.  Қаржы пирамиданың бас ұйымдастырушысы қамауға алынды.

Тергеу амалдары жалғасуда.

ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Еске салайық, қаржылық пирамида құрғаны үшін қамауға алынған Көңілбай Шүкенов белгілі журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға құны 22 миллион теңге тұратын Land Cruiser 200 көлігін сыйлаған еді.