All posts by QazaqToday

Қосымша әскер жіберіледі: Америкалықтар Трамптың бұйрығына қарсы наразалықты күшейтті

Трамптың саясатына қарсы тұрғындар Лос-Анджелес көшелерін үш күнен бері шулатып жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today.

Үшінші күнге созылған наразылықтарды басу үшін Ұлттық гвардиядан 2000 әскери жіберілді. Трамп әкімшілігінің заңсыз мигранттарды жаппай тұтқындау және депортациялау рейдтеріне қарсылық кезінде бірнеше көлік өртенді. Шерушілер жолды жауып, полицейлерге бөтелке лақтырған. Кейбірі Мексика туларын жалаулатты.

Тұрғындар мигранттардың құқықтарын қорғау мен федералды иммиграциялық саясатты сынады. Калифорния губернаторы Гэвин Ньюсом митингтерге әскерилердің жіберілуін заңсыз деп атап, әкімшілікті сотқа беруге дайын екенін айтты.

Лос-Анджелес полициясы наразылық кезінде кемінде 39 адамды тұтқындады, бірнеше митингіні «заңға қайшы» деп таныды. Президент Трамп наразылыққа шыққандарды «ашулы бүлікші топтарға» теңеп, тәртіпті күшейтуді талап етті. Ақ үй бейбіт шерулерді бұзғандарды қатаң жазалауды қолдайтынын жеткізді. Пентагон жағдай ушығатын болса, қосымша әскер жұмылдыруға дайын екенін хабарлады.

Лос-Анджелес мэрі Карен Басс Трамп әкімшілігін Ұлттық гвардияны жіберу арқылы жағдайды ушықтырды деп айыптап, зорлық-зомбылыққа барған наразыларды да сынға алды. Мексика билігі АҚШ-тың иммиграциялық рейдтері мен әскери күш қолдануына қарсы екенін білдірді.

300 миллион теңге жымқырған: халықты құтқаруға арналған қаражатты жеген Атбасар шенеуніктері сотталды

Ақмола облысында су тасқыны қаупі бар аймақта тұратын тұрғындарды көшіруге бөлінген 300 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырғандар сотталды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

Бұл туралы облыстық прокуратура мәлімдеді.

Іс материалдарына сүйенсек, 2021 жылы үкімет резервінен Атбасар ауданының 200 отбасын көшіру үшін екі көпқабатты тұрғын үй салуға қаржы бөлінген. Алайда аталған жобаны жүзеге асыру кезінде құрылыс бөлімі басшылары мен “Престиж Строй 7” және “Фундаменталь” жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің өкілдері қылмыстық схема ұйымдастырып, қаражатты қолды еткен.

2024 жылдың қарашасында прокуратура тергеуді аяқтап, істі сотқа жолдаған. Нәтижесінде сот күдіктілерді кінәлі деп тауып, олардың бірін – 8 жыл 6 айға, екіншісін – 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды.

Сот үкімі Қылмыстық кодекстің 180-бабының 4-бөлігі — «Өте ірі көлемде ұрлау» және 218-бабы — «Қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру» баптары бойынша шығарылды.

Айта кетейік, сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Алматы қаласы мен Шаньдун провинциясы туризм саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Алматыда Қазақстан мен Қытай арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. «Қазақстан – Қытай» туризм жылы аясында жасалған бұл меморандум Қытай Халық Республикасынан туристерді тартуға бағытталған жаңа стратегиялық мүмкіндіктерге жол ашады, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.

Алматы қаласының Туризм басқармасы мен Шаньдун провинциясының туристік ұйымдары арасында қол қойылған келісімдер бірлескен туристік өнімдерді дамытуға, Қытайдан келетін туристер ағынын арттыруға және қаланың инфрақұрылымын кеңейтуге бағытталған. Бұл қадамдар Алматының халықаралық туристік орталық ретіндегі орнын нығайтып, екі ел арасындағы мәдени және іскерлік байланыстарды дамытуға ықпал етеді.

«2024 жылы Алматы қаласына Қытайдан 99 мыңнан астам турист келген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 50%-ға көп. Меморандум Қытайдан келетін туризмді дамытудағы маңызды кезең болып табылады және қонақжайлылық пен туризм саласындағы ұзақ мерзімді, өзара тиімді ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашады», — делінген Алматы қаласы Туризм басқармасының мәліметінше. 

«Біз ойлағандай болмады»: Жанар Айжанованың қызы мен күйеу баласы тағы да жұрттың назарын аударды

Фото: @saken_kagarov

Танымал әнші Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекова мен күйеу баласы, блогер Сәкен Қағаровтың Мальдив аралдарындағы демалысы күтпеген жағдаймен есте қалды, деп жазады Qazaq.today ақпарат порталы.

Жақында ғана шаңырақ көтерген жас жұп шетелде демалып, романтикалық кешкі ас ұйымдастырмақ болған. Алайда Instagram парақшасында жариялаған видеодағы көрініс олардың жоспарының бұзылғанын көрсетеді.

«Мальдивте романтикалық кешкі ас ішеміз деп едік. Бірақ бәрі біз ойлағандай болмады», — дейді Сәкен Қағаров бейнежазбада.

Кешкі асты теңіз жағасында өткізбек болған жұп кенеттен басталған дауыл мен жауынға тап болған. Бірақ бұл тосын табиғат құбылысы керісінше олардың көңілін түсірмей, көтеріп жіберген екен.

Желі қолданушылары жұпқа жақсы тілектерін жаудырып, Айжұлдыздың күлкісін анасы Жанар Айжанованың күлкісіне ұқсатты:

  • «Айжұлдыздың күлкісі Жанар апайдікінен аумайды, нағыз ана мен қызы»,
  • «Сіздермен бірге теңіз жағасында отырғандай әсер алдық»,
  • «Осындай сәттер ұзаққа есте қалады», — деп жазды олар пікірде.

360 келі есектің етін елге жегізбек болғандар ұсталды

Podrobno.uz басылымының жазуынша, сақшылар күмәнді жүкті Карши — Ташкент тас жолында тоқтатылған Lacetti автокөлігінің жүксалғышынан тапқан. Көлік жүргізушісі еттің иесі емес екенін, тек жүктің жеткізушісі екенін айтып жалтарған.

Алайда Сырдария облыстық ветеринарлық басқармасында жүргізілген зертханалық сараптама нәтижесінде тәркіленген еттің есек еті екені дәлелденді. Қазіргі уақытта Сырдария аудандық тергеу бөлімі бұл оқиға бойынша тергеп-тексеру жұмыстарын бастап кетті. Құқық қорғаушылар еттің нақты қайдан шыққанын және бұл іске қанша адамның қатысы барын анықтауға кірісті.

«Миллар» бағдарламасында айтылған деректерге қарағанда, еттің астаналық нарыққа жеткізіліп, тұтынушыларға заңсыз түрде таратылуы мүмкін болған. Бұл жағдай Ташкент тұрғындарының азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты алаңдаушылығын күшейтті. Өзбекстанда бұндай қылмыс бұған дейінде болан.

Самарқанд облысына қарасты Шурак ауылында бір тұрғын өз үйінің ауласында есек сойып, етін сатып келген. Кейін Каттакурган ауданыныңмаңынан тұрғындар бірнеше есек қаңқасын тауып алып, экологтар мен құқық қорғаушылар дабыл қаққан болатын.

Фото: pixabay.com

Exit mobile version