Рудныйда студенттерге сапасыз ас берген асхана жетекшісіне 700 мың теңге айыппұл салынбақ
Рудныйдағы Тау-кен технологиялық колледжінің астан уланған студенттері сапасыз салат жеген. 20-сәуір күні 70 шақты студент дәрігерлерге шағымданған еді. Құзырлы органның мамандары, сапасыз ас дайындағандарға қандай жаза қолданылуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды облыстық «Қостанай таңы» газеті «iagorod.kz» порталына сілтеме жасап. Жасөпірімдердің 35-і медициналық көмекке жүгінсе, олардың 14-і «гастроэнтерит» диагнозымен ауруханада жатқызылған еді. Қалғандарына амбулаториялық ем…
