All posts by QazaqToday

«Қызым, отың сөнбесін»: Ұлының тойын ақылы өткізбек Сәкен Майғазиевтің әйелі келінін жарнамалады (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Қазақстанға белгілі әнші Сәкен Майғазиев жақында келін алып, ұлан-асыр той жасағалы жатыр. Қазір ел аузында жүрген тойдың нүктесі жақын уақытта қойылмақ, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

Әншінің әйелі тойға дайындық барысын көрсетіп, су жаңа келінін көпшілікке таныстырды.

«Ақ келініміз Әдия босағамыздан аттап, ата-ене, ағайын-жұртқа сәлем салып, жүзін елге танытты.

Осы сәттен бастап ол – біздің келініміз ғана емес, біздің қызымыз.
Қадамың құтты болсын, қызым! Ақ босағаң берекелі, отың мәңгі сөнбесін!», — деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз?

«7 тапанша мен есірткі. Ақша, оқ-дәрі»: Алматыда шетелдіктерді тонаумен айналысқан қылмыстық топтың мүшелері ұсталды

Алматыда шетел азаматтарын бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды, деп хабарлайды Qazaq.today.

Ішкі істер министрлігі бопсалау және басқа да ауыр қылмыстарды жасайтын қылмыстық топтардың әрекетінің алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша іс-шараларды жүзеге асыруды жалғастырып жатыр.

Алматы қаласы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитеті және прокуратура өкілдерімен бірлесіп, бірқатар ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінген адамдар тобын ұстады.

— Олардың бір эпизодында күдіктілер шетел азаматына күш қолданып, қорқыту арқылы оны жалдамалы пәтерде заңсыз ұстағаны және қысым көрсету арқылы бес миллион теңге көлеміндегі қаражатын тартып алғаны анықталды. Сондай-ақ заңсыз қару сақтау және құқыққа қайшы жанжалдарға қатысу фактілері тіркелді. 25 тінту жүргізіліп, нәтижесінде жеті тапанша, оқ-дәрілер, суық қарулар мен есірткі заттары тәркіленді. Анықталған барлық фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалды. Барлық күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалып, заңға сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылады, — деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

ІІМ елдегі, оның ішінде ірі мегаполистердегі жедел ахуал құқық қорғау органдарының тұрақты бақылауында екенін атап өтеді.

«Сотталғандарды базадан өшірген»: Тараздық прокурордың үндеуінен кейін департамент басшысы қызметтен қуылды

Бүркітбаевтың отставкаға кетуі департаменттің экс-қызметкері Әлия Қожабекованың әлеуметтік желіде президент Тоқаевқа жолдаған даулы үндеуімен тұспа-тұс келді.

Қожабекова өзі қызмет еткен мекемедегі бірқатар сорақы жайтты қоғамға жайып салған еді. Оның айтуынша, әріптестері жылдар бойы сотталған азаматтар туралы деректерді қылмыстық базадан өшіріп отырған, заңның үстемдігін қорғауы прокурорлар керісінше заңсыздыққа барған.

«Тексеру нәтижесінде еш жазығым жоқ маған жала жабылып, бөлім басшылығынан босатты. Қызметімде қудалауға ұшырап, бала-шағаммен басқа ауданға ауысуға мәжбүр болдым.

Сотталған азаматтардың мәліметін өшіру 2013 жылдан басталған. 11 жылдан соң департаментке қайта оралғанда, заңсыздықтың әлі де жалғасып жатқанына куә боп, басшылыққа рапорт жаздым. Әлгі әрекетім үшін маған қысым көрсетіліп, ақыр соңы жұмыстан қуып жіберді», – деген еді экс-прокурор.

Сондай-ақ ол осыған дейін Бас прокуратура тарапынан жүргізілген тексеру формалды түрде ғана жүргізіліп, еш нәтиже бермегенін ашық айтқан.

4 маусым күні кезекті рет бейнеүндеу жолдаған экс-прокурор ақыры мақсатына жеткен.

Өңірдегі Құқықтық статистика және арнайы есепке алу департаментінің басшысы Секер Бүркітбаев жұмыстан қуылды. Бүркітбаев мекемені 2022 жылдың қазан айынан бастап басқарған. Әзірге  отставканың нақты себебі туралы толық ақпарат берілген жоқ.

Департаментті осымен үшінші мәрте тексеріп жатқан Бас прокуратура ресми мәлімет таратпады.

Виза рәсімдемек болған астаналық келіншек 20 млн теңгесінен айырылып қалды

Фото: wfin.kz

Астанада жергілікті тұрғын шетелге құжат рәсімдеуге көмектесемін деген уәдеге сеніп, 20 миллион теңгесінен айырылып қалды, деп хабарлайды Qazaq.today. 

Жәбірленуші әйел полицияға арыз жазып, АҚШ-қа мультивиза мен Испаниядан ықтиярхат алып беремін деген адамға сеніп, 20 млн теңге бергенін айтқан.

«Күдікті – Астанада тұратын 35 жастағы әйел. Ол консалтингтік компанияда атқарушы директор болып жұмыс істейді. Компания шетелге қысқа және ұзақ мерзімді визалар, сонымен қатар ықтиярхат рәсімдеуге көмектесумен айналысады», – деп хабарлады Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тергеу барысында, күдікті әйел клиенттерге компания шоттарының жеке сот орындаушылар тарапынан бұғатталғанын айтып, төлемдерді өзінің туыстары мен қызметкерлерінің шоттарына аударуды ұсынған. Қазір бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер өзге де зардап шеккен азаматтар болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Жолаушылардың көрпесі мен еден су болған: Павлодардан шыққан тальгоның төбесі тесік болып шықты

Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі

Павлодар-Қызылорда бағытындағы пойыздың ішіне су кетіп, жолаушылардың мазасын алды, деп хабарлайды Qaazq.today.

Astana.tv хабарлауынша, жүріп бара жатқан пойыз вагонының төбесінен су тамшылай бастаған. Дәл сол уақытта далада жаңбыр жауып тұрған. Су жатын орындар мен дәліздерді алып кеткен.

Жолсеріктер мұны, «жай конденсат» деп түсіндіріп, жолаушыларды басқа орынға ауыстырған.

Exit mobile version