All posts by QazaqToday

Қыдырып барғандар абай болсын: Ташкентте есектің етінен самса жасап сату жиілеген

Фото: uznews

Ташкентте есек етін сатқан есерсоқ еркек ұсталды, деп хабарлайды Qazaq.today

Ол есек етпінен самса дайындап сатқан. Ер адам шартты мерзімге қамалды. Сотта ол оны сиыр еті деп ойлағанын айтты.

Ташкент облысында есектерді сойып, олардың етінен самса дайындаған адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Іс материалдарына сәйкес, осы жылдың 7 қаңтарында Ташкент облысындағы ауылдардың бірінің аумағында құқық қорғау органдарының қызметкерлері қараусыз қалған дала диірменінде 23 тірі және 15 сойылған есек тапты.

Осы жылдың 9 қаңтарында Ш. есімді азамат ет тасымалдаған кезде ұсталды. Ол Ташкент тұрғыны А. — мен оған 200 кг етті бір килограмына 20 мың сумға сатуға келіскенін мойындады.

Жануарлар ауруларын диагностикалау және азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі республикалық мемлекеттік орталықтың қорытындысына сәйкес, ет жарамсыз деп танылды.

Ш. айғақтарына сәйкес, 2024 жылдың желтоқсанында ол Ташкентке табыс табу үшін келген. Жұмыс іздеп, ол досына қоңырау шалып, көмек сұрады. Ол есек сойып сатумен айналысуды ұсынған. Бұған дейін 450 келі есектің етін тасыған жүргізуші де ұсталған еді, Жалпы Өзбекстанда есектің етінен тағам жасап сату жиілеген. 

 

«Қазақ жігіттеріне ренжулі»: Қарақат Әбілдина өзге ұлтқа күйеуге тиіп жатқан қазақ қыздары жайлы жазба жариялады

Қарақат Әбілдина қазақ қыздарының өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шығуы жиілеп кеткеніне алаңдайтынын айтты, деп хабарлайды Qazaq.today.
Қыз ұзататын әншілердің тізімінде көш бастайтын өнер иесінің болжауынша, қазақ қыздары қазақ жігіттерінен қорған таппағаннан өзге ұлтқа тұрмысқа шығатынын көрінеді.

«Біраз қазақ қызын ұзатып жүрміз ғой… Соңғы уақытта өзге ұлтқа тұрмысқа шығып жатқан қазақ қыздарын жиі байқап жүрмін. Бастапқыда бұл менің жүрегіме жеңіл тиген жоқ. Ұлтым, тілім, салт-дәстүрім мен үшін өте қымбат. Қыз — ұлттың айнасы. Оны кімге ұзатсақ та, ұлттың намысы мен рухын бірге ұзатамыз.

Бірақ уақыт өте келе ойлана бастадым. Махаббат ұлт таңдамайды. Әр адамның өз бақыты бар. Әр қыз өз жүрегінің қалауымен, өз тағдыр жолымен жүреді. Дегенмен, менің ойымда бір сұрақ тұрып қалды: Бұл махаббат па? Әлде бақытын өз жерінен, өз елінен таппағаны ма?

Кейде қыздарымыздың қазақ жігіттеріне ренжуі, қорған таппауы оларды өзге жаққа бұрып жібереді ме деген ой келеді. Бұл біреуді кінәлау немесе тағдырын талқылау емес. Жай ғана мені ойландырған мәселе. Сіз не дейсіз? Қазақ қызының өзге ұлтқа тұрмысқа шығуына көзқарасыңыз қандай? Тек бір-бірімізді сөкпей, тыңдап көрейікші», — деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

«Мықты адамның да бір күні күші таусылады»: Жеңілістен көз ашпаған Асхат Тағыбергеннің әйелі ренішін жеткізді

Фото: жеке парақшасынан

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны, мансабын аяқтаған спортшы Асхат Тағыбергеннің жары Махаббат Тағыберген күйеуінің шешіміне қатысты желідегі парақшасында жазба жариялады, деп хабарлады Qazaq.today ақпарат порталы.

«Жеңістен кейін емес, жеңілістен соң кету туралы шешім қабылдау — бұл шынайылық, бұл нағыз ерлік. Күйеуім, Қазақстан құрамасының капитаны, жүрегімен сезіп, ақылымен қабылдап, осы шешімді өзі қабылдады. Ол рекорд қуған жоқ, “әдемі қоштасу” іздеген жоқ. Жүрек «болды!» дегенде, ол тыңдай білді. Құрама — біз үшін жай ғана команда емес. Бұл — жанын беруге дайын нағыз кәсіби ойыншылар. Асхат соңғы сәтке дейін барын салды: жүрегімен, денесімен, жан-тәнімен. Бірақ кез келген мықты адамның да бір күні күші таусылады. Ол бұл шешімді сұлулық үшін емес, шындық үшін қабылдады. Себебі уақыты келді», — деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Сондай-ақ футболшының әйелі матчты тамашалуға келгенде әдеттегі орындарына отырғызбай қойғанын айтқан.

«Кешегі матчта көп нәрсе айтылмай-ақ түсінікті болды. Біз — футболшының отбасын әдеттегі орындарымызда отырғызбады. «Болмайды! Рұқсат жоқ!» деген шешім қабылданыпты. Ойыннан соң Асхат бізді таба алмады. Біз оған жете алмадық. Мен тек оның қоңырауын күтіп отырдым — ішке кіріп, құшақтап, «сен — біздің капитансың» дегім келді. Бірақ бұған мүмкіндік болмады. Ұсақ-түйек пе? Мүмкін. Бірақ капитан үшін — оның жанында отбасысы жоқ болса, бұл — құрметсіздік! Бүгін Асхат қоштасып жатыр. Иә, бұл жеңісті сәт емес. Бірақ бұл — абыройлы шешім. Шындықпен, намыспен қабылданған. Ол ешқашан марапат не атақ үшін ойнаған жоқ. Ол отбасы, команда, ел үшін ойнады. Және солай кетіп бара жатыр — жүрегі «жетеді» деген кезде. Рақмет, Капитан. Рақмет, жан жарым. Оны жақсы көрген, бағалаған барша жанкүйерлерге алғыс», – делінген жазбада.

«Интимдік жайттардың жария болғанын қаламаймын»: экс-дипломат Сәкен Мамаштың бұрынғы әйелі ашық сотқа қарсы

Экс-дипломат Сәкен Мамаштың бұрынғы жары ашық сот отырысына қарсы шықты, деп жазады Qazaq.today ақпарат порталы.

Экс-дипломат Сәкен Мамаштың бұрынғы әйелі Карина Мамаш сот процесінің БАҚ арқылы жария болып, ашық форматта өтуіне қарсы екенін жеткізді.

«Мен ашық сот отырысына қарсымын. Жеке өміріміздегі интимдік жайттардың жария болғанын қаламаймын. Екі балам бар, олардың психологиялық жағдайына алаңдаймын», – деді ол.

Ал Сәкен Мамаш, соттың ашық өтуіне қарсы емес екенін мәлімдеді.

Гүлзира Айдарбекова үй жинайтын күйеуімен мақтанды (ВИДЕО)

Фото: instagram.com/aidarbekovagulzira

Желіде Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбековтің үй жинап жүрген видеосы тарады, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

Видеоны әлеуметтік желіге оның жұбайы, белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова жүктеген.

«Шынайы өмірден. Шындығында бүгін үй шаруасы Нүрекең екеуімізге қалды, үлгермей жатсам көмектесе кететін әдеті. Артынша бала-шаға келіп, тәтті жағымды шәй болды. Бұл да болса бір бақыт!? Жүрекшелерімізбен…», — деп жазды продюсер.