All posts by QazaqToday

Air Astana әуекомпаниясына 150-ге жуық адамнан шағым түскен

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Air Astana әуекомпаниясына айыппұл салды. Жауапкершілікке тартылуына жолаушы құқығының бұзылуы және азаматтардан көптеген шағымның түсуі себеп болған, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық порталының тілшісі.

Комитеттің мәліметінше, жолаушылар арасында резонанс тудырған рейстердің кешігуіне байланыстыу 18 шілдеде комитет төрағасы Талғат Ластаев Air Astana әуекомпаниясымен шұғыл жиналыс өткізді. Жиын барысында авиакомпанияға әуе кемелерін коммерциялық жоспарлаудағы кемшіліктері көрсетіліп, тұрақты рейстердің орындалмауына жол бермеу туралы айтылды. Сонымен қатар әуе кемелерінің жедел ауыстырылмауы, рейстердің кешігуі кезінде авиакомпания қызметкерлері тарапынан жылдам түсіндірмелік жұмыстардың жүргізілмеуі сынды кемшіліктері көрсетілді. Жиналыс қорытындысы бойынша Air Astana әуекомпаниясы резервті қамтамасыз ету үшін тұрақты рейстер кешіктірілген кезде ғана пайдаланылатын арнайы жеке әуе кемесін бөлді.

Қазақстандық ірі авиакомпаниялардың акционері ретінде “Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ әуе кемелерін алуды жоспарлау жөніндегі жұмысты күшейтуі қажеттілігі айтылды. Сонымен қатар 21 шілдеде өзара іс-қимылды нығайту мақсатында «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ, «Эйр Астана» авиакомпаниясы, Алматы және Орал қалалары әуежайларының қатысуымен кеңестер өткізілді.

16 шілдеге жоспарланған Алматы — Мале рейсінің ұзақ кешігуіне байланысты жедел түрде екі күн ішінде тергеу жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша осы рейстің жолаушыларының 15 сағаттан артық күткені анықталды. Рейсті күту кезінде жолаушыларға «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» заңының 86-бабының 1-бөлігінде көзделген қызметтер, атап айтқанда қонақ үйде тұру бойынша қызметтер тиісті түрде ұсынылмаған.

Осыған орай 2022 жылғы 21 шілдеде авиакомпанияға қатысты әкімшілік іс қозғалып, авиакомпанияға 1 000 АЕК (1 АЕК = 3 063 тг) мөлшерінде айыппұл салынды. Осы уақытқа дейін комитетке барлығы 150-ге жуық өтініш келіп түссе, олардың әрқайсысы бойынша анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Рыбакинаны сатқын деді»: ресейлік журналист спортшымен сұхбаттаса алмағынын айтты

 

Ресейлік спорт комментаторы Софья Тартакова «Матч ТВ» телеарнасынан шыққан «Есть тема» бағдарламасының салдарынан Елена Рыбакаинамен сұхбаттаса алмағанын айтты. Бұл туралы ол Sport.ru сайтына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Мен Рыбакинамен бұрыннан таныспын, оның әкесі «НТВ-Плюс» телеарнасының продюсері болған, біз оны (авт. Елена) теледидарлық, спорттық кештерде әрдайым көріп жүретінбіз. Әрине, біз бұл жеңісті үлкен қуанышпен қабылдадық. Өкінішке қарай, Ленамен сұхбаттаса алмадым. Ал турнир барысында онымен байланыста болдым, сұхбатқа қатысты өзара келіскен едік. Бірақ «Есть тема» бағдарламасы эфирге шығып, онда сарапшылар оны спорттық жезөкшеге теңеді. Бағдарламада дәл осылай айтылды демеймін, бірақ егер Қазақстанның өнер көрсетуіне тыйым салынса, ол тағы да азаматтыған өзгертеді дегенге келтірді. Бұлай әңгіме айту орынсыз», — деді Софья Тартакова.

Дәл осы бағдарламадан кейін журналиске телеарна Елена Рыбакинамен сұхбат жазуды тапсырған еді. Алайда Рыбакина келісімін бермеген. Алғашқыда оның командасы, кейін Ленаның өзі байланысқа шығып, соңғы болған жағдайларға байланысты ешбір БАҚ өкіліне сұхбат бермейтінін мәлімдепті.

«Оның азаматтығы мен алған атағын екіге бөліп, жан-жақты талқылай бергендіктен агенттері оған журналистермен байланысқа шықпау жөнінде кеңес берген. Меніңше, бұл біздің арнамызда шыққан бағдарламамен тікелей байланысты. Өйткені ол жерде оны Отанын сатты деп айыптады», — деді журналист.

Сондай-ақ, спорт комментаторы дәл осы «Есть тема» бағдарламасының салдарынан көптеген спортшылардың телеарнаға сұхбат бергілері келмейтінін айтып өтті.

Журналистің мәлімдемесінен кейін «Матч ТВ» телеарнасы Софья Тартакованы жұмыстан шығарғаны белгілі болды.

Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі бойынша тергеу соты басталды

Нұр-Сұлтанда экс-мәдениет министрі, Қазақстан ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі бойынша тергеу соты басталды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық порталы.Қалалық соттың баспасөз қызметі Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі бойынша сот онлайн түрде басталғанын нақтылады.

«Қылмыстық-процессуалдық кодекстің «Сотқа дейінгі тергеу мәліметтерін жария етуге жол бермеу» бабы бойынша БАҚ өкілдері үшін шектеу енгізілген. Өзге мәліметтер жарияланбайды», — делінген қалалық соттың баспасөз хабарламасында.

Осылайша, сот барысына журналистер қатыса алмайтын болды.

Айта кетсек, 16 мамырда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұлттық музей директорының мемлекеттік сатып алу бойынша бюджет қаржысын жымқыруы мүмкін деген күдікке ілінгенін хабарлады. Кейінннен, 28 мамырда сот санкциясымен Ұлттық музейдің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы екі айға қамауға алынды.

Антикор мәліметінше, 2017-2018 жылдары «Ақпараттық ресурстарда объектілерді танымал ету үшін жалпыұлттық тізбеге енгізілген объектілердің 3D модельдерін құру» жобасын іске асыру кезінде 1,2 млрд теңге ұрланған. Ал жұмыстардың нақты құны небәрі 83,4 млн теңгені құрағаны анықталды.

Дерек көз: Azattyq-ruhy

Ерболат Досаев Алматы тауларындағы қауіпті көлдерді көрді

Алматы әкімі Ерболат Досаев пен Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мегаполистің сел қауіпсіздігін бақылау және мониторинг жүргізу мақсатында мұздақ көлдердің жай-күйіне аэровизуалды зерттеу жүргізді.

Мұздақ көлдердің, сондай-ақ Ақсай, Қарғалы, Кіші және Үлкен Алматы өзендерінің бассейндерінің жағдайына бағалау жүргізілді, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.

Алматының маңайында барлығы 50-ден астам мұздақ және мұздық көлдер бар, олардың 12-сі қауіпті. Қауіпті көлдердің  жетеуінде ағымдағы жылы сел қаупін төмендету бойынша алдын алу жұмыстары жүргізілуде.

«Қазселденқорғау» мамандарының бағалауы бойынша Алматы тауларындағы мұздық көлдердің бұзылу қаупі бар, сел қаупіне байланысты жағдай ерекше бақылауда. Температураның жоғарылауына байланысты мұздықтардың еруі байқалады, олар қысқы қардан шамамен 40-80% арылған. Мұздақ көлдердің көпшілігі суға толтырылған, бірақ олардағы су деңгейі қауіпсіз деңгейге сәйкес келеді, жер бетіндегі ағындар қалыпты шекте.

2021 жылы жергілікті бюджет есебінен 31 станциядан тұратын Кіші, Үлкен Алматы, Қарғалы және Ақсай өзендерінің бассейндерінде сел қаупінің автоматтандырылған мониторинг жүйесі енгізілді. Жүйе су деңгейін, ауа мен судың температурасын, топырақтың ылғалдылығын, жауын-шашынның қарқындылығын, сел түс қаупіе  қоса алғанда, тау өзендерінің жай-күйінің 10-ға дейінгі параметрлеріне автоматты түрде мониторинг жасайлы.

Мұздақ көлдердің жай-күйін тәулік бойы бақылау Қазселденқорғаудың 9 тұрақты және 10 маусымдық гидропостында жүзеге асырылады. Алматы әкімдігінің қолдауымен олар тұрғын үй модульдерімен, тіршілікті қамтамасыз ету құралдарымен, гидрометеорологиялық аспаптармен және байланыс құралдарымен жабдықталған.

Мұздақ көлдерден суды ағызу бойынша алдын алу жұмыстарына барлығы 40 адам кірісті, қажет болған жағдайда бульдозерлер іске қосылады, эвакуациялық каналдарды тазалау және тереңдету жоспарлануда.

Тікұшақтан бақылау барысында қала әкімі «Аюсай» шатқалында салынып жатқан селден қорғайтын бөгеттің нысанымен танысты. Үлкен Алматы және Ақсай өзендерінің бассейндерінде 122 сел қаупі бар учаске, 114 мұздық, мұздақ көлдер орналасқан. Желілік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Ақсай және Аюсай шатқалдарында екі бөгет салынуда. Бүгінгі күні құрылыс белгіленген кестеге сәйкес жүргізілуде, Аюсай бөгеті бойынша жұмыстарды аяқтау мерзімі 2022 жылдың соңына дейін, Ақсай шатқалы бойынша жұмыстарды аяқтау 2023 жылдың соңына дейін жалғасады.

Қайрат Боранбаевтың туған інісіне іздеу жарияланды

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Қайрат Боранбаевтың інісі, кәсіпкер Мұрат Боранбаевқа іздеу жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары порталында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Боранбаев Мұрат Советайұлы 1970 жылы 1 шілдеде дүниеге келген.

«2022 жылғы 20 шілдедегі іздеу ісі Алматы облысында тіркелген. Бастамашы: ҚМА. Іздестіру жүргізетін орган: Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті (тел. 8 (727) 279-29-56)», — ведомство хабарламасында.

Еске салайық, Қаржылық мониторинг агенттігінің қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың 17 наурызда ұсталғанын хабарлаған болатын. Ведомство квазимемлекеттік сектордағы аса ірі көлемдегі қаражатты ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

8 шілдеде Қайрат Боранбаевтың қамауға алу мерзімі тағы бір айға ұзартылғаны хабарланды.