All posts by QazaqToday

«Шекара иен қалатын болды»: БҚО шекаралық аймағындағы ел жаппай көшкендіктен мектептер босап қалды

Батыс Қазақстан облысың шекаралық аймағындағы мектептерге оқушы табылмай жатыр. Қаңырап қараусыз қалған тастанды үйлерден көз сүрінеді. Ресеймен шекаралас ауылдардың халі мүшкіл, деп хабарлайды  Azattyq Ruhy-қа сілтеме жасаған Qazaq.today ақпараттық порталы. Бала саны азайып, зуәлім мектепке оқушы жетпей жатқан жердің бірі – Талаов ауылы. Облыс орталығынан бес шақырым қашықтықта жатқан ауылда екі жүздей ғана отбасы қалған. Жастары жоқтың қасы, көбіне зейнеткерлер мен орта жастан асқан азаматтар ғана тұрады. Халық саны күрт кемігендіктен мектепке баратын бала саны да азайып кеткен.

«Күрделі жөндеуден өткізген үш қабатты мектебіміз бар. Аурухана, мәдениет үйі де бар. Біздегі жағымсыз жағдай былтырдан бері басталды. 11 жылдық мектеп жабылып қалуы мүмкін. Биыл 9-11 сыныптар жабылмақ. Ауылымыз шекараның түбінде. Өзеннің арғы жағы Ресей Федерациясына қарайды. Бұлай жалғаса берсе мектеп жабылады. Өйткені, ел баласын оқыту үшін амалсыз қалаға кетеді. Ауыл облыс орталығынан өте қашық. Проблеманы аудан, облыстағы бастықтарға жазып жатырмыз, жауап жоқ», — деді мектепте дефектолог мамандығы бойынша жұмыс істейтін Қымбат Жолдыбаева.

 

Мектептегі қамқоршылық кеңес мүшелерінің сөзінше, оқушы саны жетіспегендіктен бірнеше сынып биыл жабылып, ұстаздар да жұмыссыз қалмақ. Ауылдан соңғы уақыттары оннан астам отбасы қалаға көшіп кеткен. Көшу үрдісі жалғаса берсе мектеп жабылып тынады дейді осындағы ел.

«82 оқушыға жеткізе алмай отырмыз. Үлкен мектепте 71 оқушы ғана қалды. Шекаралық аймақ болғандықтан жұмыс орындарын ашуды да сұрап отырмыз. Халық бұлай көше берсе шекара ашық қалады. Бұл тікелей ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіреді. Шекарамыз ашық қалмау керек. Жастар түгелге жуық қалаға кетіп қалды. Ешқайсысы кері қайтқан жоқ. Көбіне зейнетерлер қалды. Тұрғындардың 70 пайызы мектепте жұмыс істейді», — деді қамқоршылық кеңестің хатшысы.

Жәнібек ауданына қарасты ауыл тұрғындарының негізгі күн көрісі мал өсіру. Шаруашылық негізінен егде жастағы адамдардың еншісінде. Туу көрсеткіші өте төмен. Ауылда жылына 3-4 сәби дүниеге келсе қуанамыз дейді осындағы жұрт.

«Екі жылдан бері бұл мәселе шешілемей жатыр. Оқушылар саны аз. Тұрғындар көшіп жатыр. Халық саны жыл сайын азайып келеді. Бұл жақтың халқы тек малмен күн көреді. Мәдениет үйі бар, бірақ ол жерде жұмыс істейтін маман жоқ. Тек директоры ғана бар. Төрт балам бар, оларды оқыту үшін қалаға кетіп қалғың келеді. Тек қарт анамды ойлап ауылда отырмын. Елге көңіл аудармаса ауылдың жағдайы қиындап барады. Шекара иен қалатын болды», — деді ата-аналар комитетінің мүшесі Алтынай Стамова.

Қанша халықтың көшіп кеткенін көшеде қараусыз қаңырап қалған үйлерден ақ білу қиын емес. Жекелеген жер үйлер ғана емес, көпқабатты ғимараттар да қирап қалған. Аудан орталығынан 130 шақырым жерде орналасқан Таловка ауылында асфальт деген атымен жоқ. Тіпті орталыққа қатынайтын негізгі жол да отыз жылда салынбаған.

«Бабалар сабақтастығы» әлі күнге сақталып келе жатқан бұндай ауылдардың саны батыста жүздеп саналады. Ауыл тұрмақ, аудандардың арасын жалғайтын жол да ешқашан асфальт көрмеген. Орталыққа қатынайтын тас жолдың қашан төселетіні де белгісіз.

«Оуругте 32 шаруа қожалығы болса, оларда 4750 сиыр, 431 бас жылқы бар. Жеке кәсіпкерлердің саны – 11. Үш дүкен бар. Облыс орталығынан 460 км алыспыз. Жол жоқ, енді салынады. Аудандық білім бөлімі мектепте бала саны жетпегендіктен жабамыз дейді. Ауылдағы үш қабатты мектеп 400 оқушыға арналған. Бала саны бес есе төмен. Соңғы екі жылда халықтың көшуі жиілеп кетті. Туу көрсеткіші де жоқ», — деді БҚО Жәнібек ауданы Таловка ауылдық округінің әкімі Нұрдәулет Қыдырғалиев.

Депутатардың сөзінше, Батыс Қазақстан облысындағы ауылдардың ахуалы өтен қиын. Тек Таловка ғана емес, қырыққа жуық ауылдың ахуалы мүшкіл. Барлық ауылда бала саны аз, туу көрсеткіші төмен. Тұрмысты тезірек түзетпесе алдағы бес-он жылда шекара түгел қараусыз қалуы мүмкін. Екі елдің шекарасы айқындалғанмен, қоршау тартылмаған.

«Жақсыбай, Борсы, Қамысты, Қараоба, Мереке, Болашақ сынды қырық шақты ауыл бар. Проблема барлығына ортақ. Ең бірінші жол, ауыз су мәселесі шешілмеген. Шекралық аймақтағы халық малмен күн көрсе де жайылымдық жері жоқ. Электр жарығы жетіспейді, бағандары әбден тозған, жаңармаған. Жастар тұрақтамайды. Жастарға демалыс орындарын салып, оларға қажетті мүмкіндіктерді жылдам іске асыру керек. Кейбір ауылдарда адам дәрігері жоқ. Мал өсіретін кейбір ауылда мал дәрігері жоқ. Барлық ауылда оқушы саны жетіспейді. Ол үшін жастардың айлығын көбейтіп, түрлі көмек көрсететін, жеңілдік жасайтын бағдарламаларды қолдау қажет. Ауылды абаттандыру, көгалдандыру, көркету керек.

Ауылдың проблемасын шешетін кез әлдеқашан өтіп кетті. Азық-түлік қауіпсіздігі де осы ауылдағы ахуалмен тікелей байланысты. Ауылдағы өнім аз, сәйкесінше бағаның бәрі қымбат. Сол үшін ауылға инвестиция құю керек. Ауыл тұрғындарға 2 пайыздық несиемен құс, мал алып беретін мүмкіндіктерді қарастырған дұрыс. Үйлердің ауласы тұрмақ өзендерде жүзіп жүрген құс жоқ.

Шекарада отырған елге үкіметтен әлеуметтік жеңілдіктер қарастыру қажет. Халық шекараны да күзетіп отыр. Өйткені екі елдің шекарасында ешқандай қоршау жоқ. Соны да халық қарайды. Шекара түбінде отырған ауылдың тұрғындарына Ресейден зат тасу жеңіл, әрі арзан. Сондықтан шекара түбіндегі елдің арғы бетке өтуіне мүмкіндік жасалу керек», — деді Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Серік Жарылғапов.

«Өзіміз шешеміз»: әйгілі Шәлкөде жайлауы жекеге өтіп кетті

Атақты Шәлкөде жайлауы шабандар үшін жабылды. Бұдан былай малшылар да, ауыл тұрғындары да төрт түлігін Шәлкөде жайлауына шығара алмайды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық порталы Azattyq Ruhy-қа сілтеме жасап.

Райымбек ауданының тұрғындары биыл күтпеген жағдайға тап болып отыр. Бағзы заманнан баршаға ортақ кең жайлауды биыл бәзбіреулер иемденіп, қоршап алыпты. Тұрғындардың айтуынша жергілікті басшылар ауыл мен ауданның маңындағы жерлерді жекешелендіріп болып, енді тау басындағы жайлауды да жекеге беріп жіберген екен. Төрт түлікпен күн көрген ауыл жұрты малын қайда бағарын білмей отыр.

«Осы Шәлкөде сатылып кетті деген кезде, бәріміз шуладық. Қалай алады, қалай беріп жатыр, деп. Елдің сөзінше, жекешелендіруге мемлекеттік акт 2017 жылы шығып қойған. Ол кезде бұл ауылда Мақсат Әшімбаев әкім болған. Мақсат «ол жердің сатылғанын білмеймін, мен қол қойған жоқпын» деді. Сонда ол қандай әкім, кім қол қойғызып алып жүр, түсініксіз. Жұрт жайлауға барса, әлгі жерге қазығын қағып, белгілеп алыпты. Жаңа әкім де білмеймін дейді. Сол кезде жер бөлімінен шақырттық, ауданның әкімін де шақырттық. Әкім өзінің орынбасары Самат Сатылғанұлын жіберіпті. Ол «өзіміз шешеміз, шулатпаңдар, төбелеспеңдер» деп айтты да, жоқ болды», — дейді Сарыбастау ауылының тұрғыны Фарида Ілиясова.

«Қай жер шұрайлы, қай жер жақсы, қай жер ақша табу үшін демалыс орнына жарайды сол жердің бәрін сырттай, ешкіммен ақылдаспай, жоғарыда отырғандар иемденіп алған. Оның бәрі халықтың жері ғой. Сол халық қызығын көруі керек. Жерді қайтару керек», — деді ауыл ақсақалы Молдахмет Нұрахметов.

Райымбек ауданының әкімдігі де жайылымдық жердің тапшы екенін растап отыр. Жергілікті билік Шәлкөде жайлауында халыққа ортақ жайылымдық жер азаймайды деп сендіруге тырысып отыр. Аудан әкімдігінің хабарына сенсек, жерді бай-бағландар 20 жылға жалға алған. Жерді мақсатты пайдаланбаған кәсіпкерлерді сотқа беріп, мемлекеттің балансына қайтаруға кірістік дейді.

«Шәлкөде жайлауын ірі-ірі серіктестіктер иемденген. Олар 2004, 2005, 2010 жылдары құжат бойынша алып алған. Бірақ бұл серіктестіктер ол жерлерге келмеген, ешқандай малын жаймаған. Бірақ құжат бойынша сол серіктестіктерге тиесілі. Қазір енді біз «Адем СНиП» ЖШС-ға қарап келген 3 мың гектар, «Инвест групп» ЖШС-ға қараған 1 200 гектар жайылымдық жерді мемлекеттік қорға соттың шешімі негізінде қайтарып алдық», — деді Райымбек ауданының «Жер қатынастар бөлімі» ММ басшысы Мұхтар Батырханұлы.

Сарыбастаулықтардың жайлауын «A and D company» компаниясы 2017 жылы жалға конкурс арқылы рәсімдеп алған. Кәсіпкер ен жайлауға малын биыл ғана қаптатыпты. Халық шулағанда «оянған» аудандық әкімдік 1,5 мың гектар аумақты жекенің меншігінен тек келесі жылы ғана сот арқылы қайтарып алмақ.

«2017 жылдың желтоқсан айында «A and D company» ЖШС конкурс негізінде 1 500 гектарға жуық жайылымдық жерді ұтып алған екен. Ол жерге ешқандай жұмыс жүргізілмеген, проблеманы да ешкім қозғамаған. Енді биыл малын әкеліп, шекараларын айқындамақ болғанда түсініспеушіліктің туғаны рас. Кәсіпкер жерді 2017-де алады да, аудан 2018 жылы бөлінеді. Ары-бері кішкене құжат жасау болды, ауыс-түйіс болды, мамандар жетіспеді ауылға. Сол себептен 2018-де қозғалыссыз қалып қалған. Сол уақыттан бері жерді пайдаланбай келген «And company»-ға қатысты комиссиялық акті жасалған. Компанияға жерді өз мақсатында пайдаланбағаны үшін мемлекеттік қорға сот тәртібі арқылы алынатынын хабарладық. Сол хабарлама жіберілгеннен кейін 1 жылдан кейін ғана келісімшартты бұзу үшін сотқа жүгінеміз», — деді Мұхтар Батырханұлы.

Айтуынша, сотқа талап-арыз келесі жылы маусым айының соңында түседі. Ал мамырда Шәлкөдеге жайлайтын сарыбастаулықтар келесі жылы да жайылымдық жерден қағылады деген сөз. Қазір ауыл тұрғындарының 60 мың қойына, 7 мың сиырына, 10 мың жылқысына жайылымда, жайлауда орын болмаған соң тау кезіп жүр. Тау басындағы Шәлкөде жайлауының ұзындығы 40 шақырымға жетеді. Теңіз деңгейінен екі мың метр биіктікте жатқан жайлау малға қолайлы, табиғатының сұлулығымен де елге танымал. Жайлаудың тек 7 мың гектар жері ғана сарыбастаулықтарға тиесілі болған.

«Әкім бізге бір ауыз ескерткен жоқ. Жайлаудың жекеге өтіп кеткенін жасырды. Енді көшіп барып, жайлаймыз деп жатқанда жердің қоршалып, өзгенің қарамағына өтіп кеткенін бір-ақ көріп отырмыз. Көкке әзер жеткен малдың жағдайы қиын, көбі көтерем, қырылу алдында тұр. Өйткені, жаздың ортасында жайылатын жер жоқ, шөп жоқ. Енді қайда барамыз», — деді Сарыбастау ауылының ақсақалы Бекен Әбдіқазы.

Қызылорда облысының  экс-әкімі мезгілінен бұрын бостандыққа шықты 

7 жылға сотталып кеткен Қызылорда облысының экс-әкімі Қуанышбек Ысқақов бостандыққа шықты. Ол Қызылорда қалалық  №2 сотының үкімімен осыдан екі жыл бұрын сотталып кеткен еді. Ысқақов ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі 2)-тармағымен кінәлі деп танылды. Мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыыла отырып, 7 жыл мерзімге бас бостандығын айыру жазасына тағайындалған, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеуге белгіленген. Алайда экс-әкімнің жазасы жеңілдеп, түрмеден үйіне оралды.

«Үкім Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен өзгеріссіз қалдырылып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық  істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен жаза тағайындау бөлігі өзгертіліп, бас бостандығынан айыру жазасы 6 жыл мерзімге дейін төмендетілген. Соттан Қ.Д.Ысқақов өтінішхатын қуаттап, жазасының өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен, яғни айыппұл түріне немесе бас бостандығын шектеу жазасына ауыстыруды сұраған», — делінген хабарламада.

Сотта «ЗК-169/5 мекемесі» РММ-нің өкілі сотталған Ысқақовқа жақсы мінездеме берген. Түрме әкімшілігі Ысқақовтың өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру туралы өтінішхатына қарсы емес екендіктерін көрсеткен.

«ҚК-нің 73-бабы 1-бөлігіне сай онша ауыр емес, ауырлығы орташа немесе ауыр қылмыс үшiн бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адамға, ол қылмыспен келтірілген залалды толық өтеген не жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзбаған жағдайда, сот жазаның қалған өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыруы мүмкін.

Осы негізбен сотталған Қ.Д.Ысқақов жазасының өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру туралы өтінішхаты қанағаттандырылып, жазасының өтелмеген бөлігі 3 жыл 11 ай 12 күн мерзімі, жазаның қосымша түрін өтеуден босатусыз, жазаның неғұрлым жеңіл түрі бас бостандығын шектеу жазасымен ауыстырылды», — деді Қызылорда қалалық №2 сотының баспасөз қызметі

Шұғыл түрде паспорт алудың құны — 30 мың теңге

ХҚКО-дан төлқұжат пен жеке куәлікті қалай тез алуға болады?

Жаз мезгілі – демалыс пен саяхат кезеңі. Осыған байланысты жаз мезгілінде Қазақстанның ХҚКО-ларында жеке куәлік пен төлқұжатты ресімдеу үшін өтініш білдіретін клиенттер саны артады. 2022 жылдың алты айында қазақстандықтарға 1 353 590 жеке куәлік пен паспорт берілді. Рәсімделген құжаттардың ең көбі маусым айында тіркелген, саны – 266 668. Ал, жыл басынан бері Алматы қаласында 229 445 адам құжаттанған. Осы ретте ХҚКО-да төлқұжат пен жеке куәлікті ыңғайлы әрі жылдам жолмен қалай алуға болатынын айтқымыз келеді.

Паспорт алу

Паспорт пен жеке куәлікті алу қызметі әлі онлайн режимінде қолжетімді болмай тұр. Бұл құжаттарды рәсімдеу үшін міндетті түрде  көрсетіледі – өзіңіздің тіркелген мекенжайыңызға қарамастан кез келген ХҚКО-ға бара аласыз. ХҚКО-ларда жеке куәлік пен паспортты ресімдеу бойынша операцияны көші-қон қызметі көрсетеді.    Егер төлқұжат алу үшін бірінші рет келіп тұрсаңыз, сізге тек жеке куәлік қажет болады. Егер сіздің төлқұжатыңыздың мерзімі аяқталса, оны мерзімі аяқталғанға дейін 1-2 ай бұрын ауыстыра аласыз. Төлқұжаттың мерзімі аяқталғаннан кейін жаңа төлқұжат алу үшін өтініш білдірсеңіз, кешіктіргеніңіз үшін айыппұл қарастырылмайды.

Төлқұжат үшін мемлекеттік баж – 8 АЕК (2022 жылдың 1 қаңтарында белгіленген АЕК) немесе 24 504 теңге. Қызмет көрсетудің стандартты мерзімі –  15 жұмыс күні. Алайда, қосымша төлем жасау арқылы бұл процесті жеделдетуге болады. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Ақтөбе тұрғындары процесті осы әдіс бойынша үш күннен бір жұмыс күніне дейін қысқарта алады:

1 жеделділік санаты – 1 жұмыс күніне дейін — 4 983 теңге;

2 жеделділік санаты – 3 жұмыс күніне дейін — 2 752 теңге.

Облыс орталықтары үшін басқа әдіс қарастырылған:

1 жеделділік санаты – 3 жұмыс күніне дейін — 4 983 теңге;

2 жеделділік санаты – 5 жұмыс күніне дейін — 2 752 теңге.

Ал аудандар мен облыстардағы қалалар үшін тек үшінші санат қолжетімді: 1 116 теңге қосымша төлем арқылы 7 жұмыс күніне дейін жеделдете алады.

Баланың төлқұжатын рәсімдеу кезінде оның туу туралы куәлігін ұсынып, баж салығын төлеу қажет. Қызметке өтініщ білдіру үшін баланың ата-анасының бірі келуі міндетті.

Жеке куәлік алу

ҚР азаматтары жеке куәлікті 16 жасқа толған кезде алады. Осы жасқа жеткен кезде құжатты бір ай ішінде рәсімдеу керек, әйтпесе 7 АЕК немесе 21 441 теңге айыппұл төлеу керек болады. Сонымен қатар, егер мерзімі аяқталған жеке куәлік бір ай ішінде жаңартылмаса, дәл осы мөлшердегі айыппұл қарастырылған. Егер айыппұлды бір апта ішінде төлейтін болсаңыз, онда сомма 50 пайызға төмендейді. Егер сізде паспорт бар болса, жеке куәлікті рәсімдеу үшін оны да өзіңізбен бірге алып келу керек.       Бұл ретте жеке куәлік үшін мемлекеттік баж 0,2 АЕК немесе 613 теңге болады. Қызметті төлқұжатпен бірдей әдіс бойынша жеделдетуге болады. Сонымен қатар, жеке куәлік пен төлқұжат үшін мемлекеттік баж салығын төлеуден босатылған клиенттердің жеңілдетілген санаты бар екенін ескертеміз. Олар:

  • ҰОС ардагерлері және оларға теңестірілген тұлғалар;
  • Кеңес одағының батырлары және Социалистік еңбек ерлері;
  • барлық топтағы мүгедектер, сондай-ақ бала кезінен мүгедек болған клиенттің ата-анасының бірі;
  • қарттар мен мүгедектерге арналған мекемелерде тұратын егде жастағы адамдар;
  • жетім балалар және балалар үйлерінде немесе интернаттарда тұратын ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • «Батыр Ана» атағы бар, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерімен наградталған көпбалалы аналар;
  • Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар.

Айыппұл төлемеу үшін және ХҚКО-ға баруды алдын ала брондау үшін клиенттерден өз құжаттарын уақытылы өткізуі тиіс.

Бөлім командирлері тәжірибе алмасты

Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында 2022 жылдың 19 мен 21 шілде аралығында Жетігендегі 5574 әскери бөлімінде оқу-әдістемелік жиын өтті

Жиынға өңірлік қолбасшылқтардың қолбасшылары, құрама және әскери бөлім командирлері, олардың тәрбие және әлуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарлары қатысты. Жиын барысында 25 сабақ өткізілді. Әр сабақта ұлттық ұланның өзекті тақырыптары талқыланып, оның шешу жолдары қарастырылды. Жиынынға Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Бауыржан Абжанов жетекшілік етті.

Алғашқы күннен-ақ бөлім командирлері мен орынбасарлары белсенділік танытып №36 жаттығуды орындады, яғни 1000 метрге жүгірді. Жаттығу орындау барысында подполковник Әлімжан Тасмағамбетов өзінің желаяқтығымен айрықша көзге түсті. Одан әрі таңғы аспен қуаттаннып алып, екі топқа бөлініп «Макаров тапаншасынан» ату дайындықтарын көрсетті. Келесіде полковник Ғанимат Амиров тәрбие және әлуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарларынан «басшылық құжаттарының талаптары» бойынша білімдерін тексерді. Содан кейін «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының ТжӘҚЖ жөніндегі орынбасары полковник Ниязтай Әлкешев  «бөлім командирінің ТжӘҚЖ жөніндегі орынбасарларның тәрбие және әлуметтік-құқықтық жұмысты ұйымдастырудағы тәжірбиесі» тақырыбында  нұсқау-әдістемелік сабақ өткізді. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының жауынгерлік даярлық басқармасының бастығы полковник Радикжан Якубов төтенше жағдайлар кезінде Ұлттық ұлан әскери құрылымдарының қалай жұмыс жасау керектігін практика жүзінде көрсетті.

Офицерлер түскі үзіліске тарап, ары қарай өз білімдерін шыңдауға кірісті. «Орталық» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының ТжӘҚЖ орынбасары полковник Қанат Беляков «Тәлімгерлікті ұйымдастыру. Офицерлермен келісімшарт бойынша әскери қызметші, қызыметке жаңадан тағайындалған және жас офицерлермен жұмыс формалары мен әдістері. Кадрлар санатын кәсіби даярлау» тақырыбында сабақ өткізді. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының ТжӘҚЖ орынбасары полковник Берік Тоқтаров «бөлімшенің әртүрлі санаттағы әскери қызыметшілерімен жеке оқу-профилактикалық жұмысын ұйымдастыру. Бөлімшелерде әскери тәртіпті бұзудың алдын алу және ТжӘҚЖ бойынша командир бөлім орынбасарының жұмыс жүйесі» тақырыбында сабақ беріп өз тәжиірбесімен бөлісті. «Батыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының ТжӘҚЖ орынбасары полковник Бақыт Алазов «Әскери бөлімнің және бөлімнің әскери қызыметшілерінің суицидтік мінез-құлқының алдын алу бойынша бөлімшелердің лауазымды тұлғаларының жұмысының алгоритімі. 30.10.2019 жылдан № 336 бұйрығын жеткізу және түсіндіру «ҚР ҰҰ әскри қызыметшілер арасында суицидтік көріністердің алдын алу шаралары туралы» өзекті тақырыпта сөз қозғады. Осылай оқу әдістемелік жиынының бірінші күні қортындаланды.

Оқу әдістемелік жиынының екінші күнінде офицерлер кезекті күнді тағы жаттығумен бастады №3 жаттығуды орындады (кермеге тартылу) бұл жерде де офицерлер өз өнерлерін көрсетті. Атап айта кетелік 5514 әскери бөлімінің командирі подполковник Багитжан Баланбаев 24 рет тартылып басқаларға үлгі болды.

Ұлттық ұлан академисы бастығының ТжӘҚЖ жөніндегі орынбасары полковник Нұрбай Бектұрсынов «ҚР ҰҰ академиясына кандидаттарды іріктеу бойынша бөлімше командирі ТжӘҚЖ жөніндегі орынбасарының азаматтық жастармен  ақпараттық насихатттық жұмысының негізгі нысандары» деген тақырыпта сабақты жалғастырды.

Ары қарай сабақтар өз ретімен өтіп, әр түрлі тақырыртарда пікір таластар болды. Офицерлер өз тәжиірбиелерімен алмасып жатты.

Оқу-әдістемелік жиыннының 2 күнінің екінші жартысында офицерлер  демалып түнгі атыс жаттығуға дайындықты бастап кетті. Ату алаңында офицерлердің қозғалмайтын, оқыс пайда болатын және қозғалатын нысандардан АК-74 қаруымен ату даярлығын тексерді.

3 күні офицерлер қоян-қолтық ұрыс техникасының жалпы кешені бойынша қабілеттіліктерін көрсетті. Одан арғы сабақтардан да алатын білім мол болды. ҚР ІІМ-нің полиция қызыметкерлері жол-көлік оқиғаларының алу шаралары туралы лекция жүргізді және ҰҰ ел қауіпсіздігін сақтауға үлкен еңбек жасап жатқандығын атап өтті. Келесі дәрісті офицерлерге Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары генерал-майор Жандос Омарқұлов өткізді.

3 күнге созылған оқу-әдістемелік жиын әскери кеңеспен жалғасты. Әскери кеңесті Қазақстан Республикасы ІІМ орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы генерал-майор Еркін Ботақанов өткізді. 2022 жылдың бірінші жарты жылдығын қортындаланып, 2 жарты жылдыққа жаңа тапсырмалар қойылды.

Мақала авторы: Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің «Князь Александр Невский атындағы әскери университетінің курсанты Әлішер Асқарбек