QazaqToday

Ақтөбеде 84 миллион теңгеге жөнделген гүлзар қирап қалған

Ақтөбеде былтыр ғана жаңартылған орталық гүлзардың бір жылға жетпей тоз-тозы шыққан, деп хабарлайды Qazaq.today «31-арнаға» сілтеме жасап. Демалыс орнын күрделі жөндеуден өткізу үшін бюджеттен 84 миллион теңге жұмсалған еді. Алайда бұл қаржы жөндеуге емес, желге ұшты дейді тұрғындар. Өйткені құрылыс сапасыз жүргізіліп, жасалған орындық пен шамдарының барлығы қирап қалған. Ал жауаптылар бәріне ауа райы «кінәлі» деп…

Толық оқу

Алматыда ауыз су тәулік бойы 32 элемент бойынша тексеріледі

Алматыда ауыз суды қосымша сүзгіден өткізудің қажеті жоқ. Керісінше, химиялық құрамы бойынша Алматы қаласының халқы ішетін судың құрамында адам ағзасына өте қажетті табиғи микроэлементтер бар. Қала халқы тұтынатын ауыз судың 65% жер астынан, 35% жер үсті көздерінен алынады. Судың құрамы 32 элемент бойынша тұрақты тексерістен өткізіліп тұрады. Мамандардың айтуынша,суды қосыша сүзгіден өткізудің де, бөтелкедегі суды…

Толық оқу

Риддер ЖЭО-да тағы да апат болды

Риддер ЖЭО-да тағы бір штаттан тыс апат болды, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап.  Бұл туралы қала әкімінің орынбасары мәлім етті. «Бүгін түнде жоғары қысымды қазандық апатты түрде сөндіріліп, резервті қазандық шұғыл іске қосылды. Жылу желісіндегі температура тәулік ішінде көтеріледі», — деді  Мұрат Байжүменов тұрғындарға. Екібастұздықтар желіде үйлерінің күрт суығанын айтып шағымдануда. 18 сәуірде қалада…

Толық оқу

Қарағандыда эскалатордан ер адамды теуіп құлатып жіберген

Қарағанды қаласында эскалатормен түсіп бара жатқан ер адамды бейтаныс біреу арқасынан теуіп жіберді. Жартылай жығыла баспалдақпен төмен жүгірген ер адам еденге құлап, есінен танып қалған, деп хабарлайды Рolisia.kz.  Оқиға қаладағы «Сити Мол» сауда үйінде болған. «Қарағанды қаласының 25 жастағы тұрғынына дене жарақаттарын келтіру дерегіне байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Полиция…

Толық оқу

Болат Назарбаев «Барыс» көлік базарынан айырылды

Алматы облысының прокуратурасы Болат Назарбаевқа тиесілі «Барыс» көлік базары орналасқан жер телімінің сатып алу-сату шарттарына қатысты істің сотта қаралғанын жеткізді, деп хабарлайды Qazaq.today Zakon.kz-ке сілтеме жасап. Аталған іс 2023 жылдың 17 сәуірінде Қарасай аудандық сотында қаралды. Сотта Қарасай ауданы прокуратурасының жалпы ауданы 37,6 гектар жер телімдерін сатып алу-сату үлгісіндегі шарттарын жарамсыз деп тану туралы талап-арызын қанағаттандыру…

Толық оқу
Яндекс.Метрика