Алматыдағы Наурызбай ауданында жаңа емханалар саны көбейеді
Медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында 500 келушіге арналған 2 жаңа емхана мен 1 дәрігерлік амбулатория салу жоспарлануда. Бұл туралы аудан халқымен кездескен Алматы әкімі Ерболат Досаев айтты. «Құрамыс шағын ауданындағы бірінші емхана бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Осы жылдың қазан айында мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алу күтілуде, қаржының бөлінуіне қарай құрылысты 2024 жылдың I-ші тоқсанында…
