Ақтауда подъездің кіреберіс шатыры құлап, бір адам қаза тапты
Ақтауда көпқабатты тұрғын үй подъезінің кіреберіс шатыры опырылып, салдарынан бір адам көз жұмды. Тағы екі жұмысшы жарақан алған. Бұл туралы Lada.kz Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. Басылымның жазуынша, оқыс оқиға бүгін, 11 мамырда 9-шы шағын аудандағы №4 үйде болған. «Бір ер адамды құтқарып қалу мүмкін болмады, ол алған жарақатынан оқиға орнында…
