«Таныстарын заңсыз жұмысқа алған»-«ӨзенМұнайГаз» бас директорының орынбасары ұсталды
«ӨзенМұнайГаз» АҚ бас директорының орынбасары Б.Мамбетсапаев лауазымдық өкiлеттiктерін теріс пайдаланды күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Qazaq.today. Маңғыстау облысының экономикалық тергеп-тексеру департаментінің хабарлауынша, Б.Мамбетсапаев лауазымын пайдаланып, өзінің бірқатар таныс адамдарын «Өзен Мұнай Газ» АҚ-на заңсыз жұмысқа кіргізген. Ал компанияға жұмысқа кіру үшін Жаңаөзен қаласының 9 мыңнан астам тұрғындары кезекте тұр. Б. Мамбетсапаев мемлекетке 46 млн.теңгеден астам залал…
