QazaqToday

«Осы үшін жауап бересіз»- Көлгінов журналистің сұрағына ашуланды

Үкімет кулуарында премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгіновке қойылған сұрақтардың бірі оның шымбайына батты, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап.  Журналистердің бірі экс-әкімнің атына айтылатын сын жайлы, нақтырақ айтқанда оны Астана тұрғындары “Көлгінов 20%” деп атайтыны жайлы пікір білдіруін сұраған. Бұл сұрақты естіген Алтай Көлгінов ашуға мінді. Ол өз жұмысын жақсы орындағанын және мұндай шабуылдар тапсырыс бойынша жасалғанын…

Толық оқу

Алматы облысы бойынша ҚАЖД Денсаулық сақтау басқармасымен проблемалық мәселелерді талқылады

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаментінде ҚАЖД бастығының орынбасары төрағалығымен, Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшылығының, мамандандырылған прокурордың, ҚАЖД қызмет бастықтарының, сондай-ақ мекеме бастықтарының және олардың орынбасарларының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді, деп хабарлайды Qazaq.today. Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап Мемлекет басшысының Жарлығымен мекемелердегі сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету функциялары Денсаулық сақтау министрлігіне…

Толық оқу

«Рекорд»: былтыр Түркияға 51,4 млн турист келген

Түркия туристерді тарту бойынша әлемде үшінші орынға шықты. Түркия мемлекеті туризмді дамыту бойынша маңызды бағдарламаларды өткен ғасырдың сексенінші жылдары бастаған. Арада қырық жыл өткенде Анадолы елі Американы басып озып, туристер көп келетін мемлекеттердің ішінде үшінші орынға бірақ шыққан. Алматыда қазақ журналистерімен кездескен Түркия Мәдениет және туризм министрлігінің Орталық Азия мен Кавказ аймағындағы кеңесшісі Алпарслан Акынджынының…

Толық оқу

Абай облысында 50 мыңға жуық тұрғын сусыз отыр

Абай облысында мыңдаған халық орталықтандырылған су жүйесіне қосылмаған. Облыс бойынша сумен жабдықтау желілерінің орташа тозуы 51 пайызды құрап отыр. Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі отырысында облысты ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері туралы айтты, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. «Халықты 100 пайыз таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында биыл жалпы құны 17…

Толық оқу

«16 млн теңге жымқырған»: Жетісу облысында «Өркен» спорт мектебінің қызметкерлері тергеліп жатыр

Бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен Жетісу облысындағы «Өркен» балалар-жасөспірімдер спорт мектебі қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.  Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, мекеме қызметкерлері 2015-2022 жылдары жұмысқа қабылданып, шын мәнінде нақты жұмыс істемеген алты адамға жалақы есептеу арқылы 16 млн теңгеден астам бюджет қаражатын заңсыз аударған. Сотқа дейінгі тергеу…

Толық оқу
Яндекс.Метрика