Coursera мәселесі: Депутаттың сынынан кейін 1,5 млрд теңге үнемделді
Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлының сынынан кейін «Қазақстан халқына» қорынан 1,5 млрд теңге шамасындағы қаражат үнемделді. Бұған дейін Ғылым және жоғары білім министрлігі Coursera платформасының курстарын сатып алуға 2,5 млрд теңге көлемінде қаражат жұмсамақ болған. Алайда депутат Нартай Аралбайұлы әлеуметтік мәселені шешу мақсатында құрылған «Қазақстан халқы» қорының әлемдік курстарды сатып алумен айналысуы орынсыз екенін айтып, мәселені…
