Мемлекет басшысы: «Әділетті Қазақстанды құру министрлер мен әкімдердің ғана міндеті емес»
Түпкі мақсатымызға жету үшін саяси-экономикалық реформа жасау жеткіліксіз. Бұл туралы Түркістанда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today. «Қазақстан – осы геосаяси аймақта саяси жүйесін қысқа мерзім ішінде түбегейлі өзгерткен бірден-бір мемлекет. Тың өзгерістердің арқасында саяси реформалардың Қазақстанға ғана тән ерекше үлгісі қалыптасты. Келешекте де оның мән-маңызы арта бермек. Алайда,…
