«Қарулы қақтығыс тоқтайды деп үміттенеміз»-Тоқаев Украина туралы ұстанымын білдірді
Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы жағдайға қатысты Қазақстанның ұстанымын тағы да айқындады, деп хабарлайды Qazaq.today Ақордаға сілтеме жасап. «Мен бұл күрделі мәселеге қатысты ұстанымымызды айқындадым. Біріншіден, біз БҰҰ жарғысын қатаң сақтауымыз керек. Әрине, Біріккен Ұлттар Ұйымын әлемде теңдесі жоқ әрі әмбебап ұйым ретінде қолдауға тиіспіз. Екіншіден, біз Қытайдың, сондай-ақ басқа да мемлекеттердің барлық бейбіт бастамасын қолдауымыз қажет….
