Алматыдағы көпқабатты үйдегі өрт: 1 адам қаза тауып, 43 адам жарақаттанды
Бүгін Алматының Алатау ауданы, Ақкент шағынауданы, 54 мекенжайында болған өрт салдарынан 1 адам көз жұмып, 43 адам зардап шекті, деп хабарлайды Qazaq.today. Көпқабатты үйдегі өрт бойынша 23 жедел жәрдем, соның ішінде 5 жансақтау бригадасы жұмылдырылды. Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 4 бала жансақтау бөлімінде жатыр, тағы төртеуі медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаторлық емдеуге жіберілді,…
