QazaqToday

Президент Тоқаев Алматыда жүр

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапарымен барды, деп Qazaq.today Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Мемлекет басшысы сапар аясында қаладағы гидротехникалық инфрақұрылыммен танысып, бірқатар әлеуметтік нысанды аралап көреді деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар Президент Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізеді. Жиынға Үкімет мүшелері қатысады.   Qazaq.today

Толық оқу

Тараздық судья 2 млн теңге пара алды деп күдіктелуде

Тараз қаласының №2 сотының судьясының 2 000 000 теңге сомасында пара алғаны әшкереленді, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.  «Судья сотталушыдан іс жүргізуде қылмыстық іс бойынша бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындағаны үшін ақшалай қаражат алды деп күдіктелуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 550-бабының тәртібімен Қазақстан Республикасының Бас прокуроры сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруға келісім берді», —…

Толық оқу

«АрселорМиттал Теміртауға» қатысты қылмыстық іс ашылды

Қарағанды облысы «Қазақстан» шахтасындағы өртке байланысты Шахтинск қаласының Полиция бөлімі ҚР ҚК 277-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Qazaq.today облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Таратқан ақпаратқа сүйенсек, істі Қарағанды облысы Прокуратурасы тікелей бақылауға алған. Сондай-ақ Полиция бұл факт бойынша ҚР ҚК-нің 277-бабы 3-бөлігі «Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын…

Толық оқу

Блогер Әсел Асқарды ұрған боксшы 15 тәулікке қамалды

Әнші Бүркіттің қарындасы, блогер Әсел Асқар Алматыдағы фитнес клубтардың бірінде кәсіпқой спортшыдан соққы алғанын хабарлаған еді. Осыған байланысты Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ұсақ бұзақылық фактісі бойынша М.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды (ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі), деп хабарлайды Qazaq.today. «Сотпен ағымдағы жылдың тамыз айында қаладағы фитнес-клубта азамат М.-ның жанжал шығарып, балағат…

Толық оқу

«Фермерлер ереуілге шығуға дайын отыр» — Оралға келген министрге халық шағымын айтты

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова Оралға барып, жергілікті атқарушы билік өкілдерімен, экобелсенділермен, жергілікті тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды Qazaq.today Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.  Ведомствоның алдын ала таратқан ақпаратында министр сағат 09.00-10.30 аралығында тіркелген азаматтарды жеке қабылдайтыны, 10.30-12.30 аралығында коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдармен кездесетіні, 12.30-13.00 аралығында бұқаралық ақпарат құралдарымен брифинг өткізетіні айтылды. Министр сапарында…

Толық оқу
Яндекс.Метрика