Алматыда Бибігүл Төлегенованың атындағы Халықаралық вокалистер конкурсы басталды
Қала күніне орай Алматыда Бибігүл Төлегенованың ХII Халықаралық вокалистер конкурсы басталды. Байқау 17-қыркүйекке дейін Абай атындағы Ұлттық академиялық опера және балет театрында өтеді. Классикалық музыка тыңдармандары үшін бұл күндер нағыз мереке. Кеш қонақтары мен конкурс қатысушыларына Қазақстанның және КСРО Халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері, Қазақстанның және КСРО Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, академик Бибігүл Төлегенова ыстық лебізін…
