Алматыда қала күніне орай ғажайып Халықаралық фестиваль өтіп жатыр
Қала күнін атап өту аясында Орталық мәдениет және демалыс саябағында бақтар, гүлдер және ландшафттық өнер бойынша «Almaty Garden Show» фестивалі басталды, деп хабарлайды Qazaq.today. Фестиваль үш күнге жалғасады. Қонақтарға әлемнің жетекші дизайнерлерінен, бағбандар мен гүл өсірушілерден шеберлік сабақтары өткізіледі. Сарапшылар кәсіби көгалдандыру, гүл шоқтарын заманауи түрде жасау және ландшафттық дизайнның жаңа трендтері бойынша ұсыныстармен бөліседі….
