QazaqToday

ФИФА рейтингі бойынша Қазақстан құрамасы алғашқы «жүздікке» ілінді

Қазақстан ұлттық құрамасы Халықаралық футбол қауымдастықтарының федерациясы (ФИФА) жариялаған рейтингінде жоғарылады. Жаңа рейтинг 2023 жылдың 21 қыркүйегінде шықты, деп хабарлайды Qazaq.today Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Айта кетейік, Қазақстан құрамасы қыркүйекте Еуро-2024 іріктеу кезеңі аясында екі ойын өткізді: алғашқы кездесуде Финляндияға есе жіберсе (0:1), екінші ойында ұлттық құрама Солтүстік Ирландия командасын 1:0 есебіпен жеңді….

Толық оқу

Ақмола облысының тұрғыны алтын цехының жұмысын заңсыз жүргізген

Ақмола облысында құрамында алтыны бар материалды қайта өңдеуге арналған шағын цех жойылды, деп хабарлайды Qazaq.today ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  50 жастағы ауыл тұрғыны заңсыз өндіріс жүргізген. Полиция қызметкерлері үгіту аппараты мен басқа да жабдықтарды күдіктінің тұрғылықты жерінен тапты. Бұл фактіні құқық қорғау органдары ҚР ҚК 295-1-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде…

Толық оқу

Атырау тұрғыны заңсыз сыйақы бергені үшін жауапқа тартылды

Атырау қаласының тұрғыны заңсыз сыйақы бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Qazaq.today Хабар 24 арнасына сілтеме жасап. Қалалық полиция басқармасының қызметкері облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне шағымданған. Оның жеке есепшотына белгісіз адамнан 5 мың теңге көлемінде ақша түскен. Белгілі болғанындай, қала тұрғыны ұлына қатысты қылмыстық істі жедел жүргізгені үшін тергеушіге сыйақы беріпті. Енді қала…

Толық оқу

Жамбыл облысында 900 млн теңге субсидия қаржысы ұрланған

Жамбыл облысында таңқурайдың элиталық сортын отырғызу үшін субсидиялауға бөлінген бюджет қаражатын жымқырудың қылмыстық схемасын анықтады, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.  Нәтижесінде шаруа қожалықтардың жер телімдерінде таңқурай отырғызылмағаны, көшеттер мүлдем сатып алынбағандығы белгілі болды. «Өздерінің қылмыстық әрекеттерімен 4 адамнан тұратын топ 2 жыл ішінде мемлекетке 900 млн теңгеден астам шығын келтірген. Биылғы 7 сәуірде осы…

Толық оқу

Алматы облысында 55 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтты

Алматы облысының төрт ауданында жер заңсыз үлестірілген. Жергілікті атқарушы органдардың қызметіне жемқорлық тәуекелдерді талдау бойынша жұмыс жүргізілді. Нәтижесінде Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін жағдайларды анықтаған. Бүгінгі күнге дейін 15 мың гектар жер мемлекеттің балансына қайтарылған, деп хабарлайды Qazaq.today. Алайда әлі 56 мың гектар жер үшін сот процесі жүріп жатыр….

Толық оқу
Яндекс.Метрика