Алматы облысында 55 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтты
Алматы облысының төрт ауданында жер заңсыз үлестірілген. Жергілікті атқарушы органдардың қызметіне жемқорлық тәуекелдерді талдау бойынша жұмыс жүргізілді. Нәтижесінде Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін жағдайларды анықтаған. Бүгінгі күнге дейін 15 мың гектар жер мемлекеттің балансына қайтарылған, деп хабарлайды Qazaq.today. Алайда әлі 56 мың гектар жер үшін сот процесі жүріп жатыр….
