«Артық төлем»: Жетісу облысында депутаттар шығарған шешімнің күшін прокурорлар заңсыз деп тапты
Жетісу облысында мәслихат депутаттары заңсыз шешім шығарған. Текелі қалалық мәслихатының депутаттары жер салығын 20 % — ға арттыру туралы 2 қаулы қабылдаған. Салдарынан Мемлекеттік кірістер департаменті халыққа артығымен ақша төлеткізген. Алайда прокуратура депутаттар шығарған шешімнің күшін жойып, қабылданған құжаттарды заңсыз деп тапты, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. «Мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге…
