Азия ойындарына қатысқан спортшыларыдың алғашқы легі Қазақстанға оралды
Бүгін Алматы халықаралық әуежайына Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарына қатысқан 50-ден астам спортшы ұшып келді, деп хабарлайды Qazaq.today туризм және спорт министрлігіне сілтеме беріп. Олардың арасында Азия ойындарында бессайыстан алғаш рет Олимпиада лицензиясын жеңіп алған Елена Потапенко мен Георгий Борода-Дудочкин бар. Әзірге спорт сайысының төрт күндік нәтижесі бойынша еліміздің спортшылары 2 күміс, 7 қола жүлде алды….
