«Бесеуі шетелдік»: Көлсайда апатқа ұшыраған көлікте болған 12 туристің жағдайы ауыр
Алматы облысында апатқа ұшыраған автобустан 34 турист зардап шегіп, бір адам қайтыс болды. Олардың ішінде 12 жолаушы ауруханаға жеткізілді. Туристердің жағдайын мамандар ауыр деп бағалады. 5-қазан күні «Қайыңды-Саты» таулы автожолы бойында 47 жастағы автобус жүргізушісі қарсы бағыттағы қозғалысқа шығып, 1997 жылы туған О. есімді азамат басқарып келе жатқан «УАЗ» автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан. «Жол-көлік оқиғасы салдарынан…
