«Көктайғақ болады»: Алматы әкімдігі жүргізушілерге ескерту жасады
«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша, ертең Алматыда күн суытып, 31 қазаннан 1 қарашаға қараған түні көктайғақ болады. Алматы қаласында жауын-шашын сілбі қарға ауысады деп күтілуде. Түнде ауа температурасы -3 градусқа дейін төмендеп, көктайғақ болады, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Мұзды жолға байланысты көлік иелеріне жазғы шиналарды қысқы дөңгелекке ауыстыру ұсынылады. «Коммуналдық қызметтердің көктайғаққа қарсы жұмыстарды жедел…
