Алматыда мопедтердің қатысуымен орын алатын апат көбейіп кетті
Алматыда мопед жүргізушілерінің қатысуымен болатын жол апаты көбейіп кетті, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, Алматыда жыл басынан бері мопедтердің қатысуымен 333 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Апаттың салдарынан 14 адам қаза тауып, тағы 355 адам жарақат алған. «Мопедтерді пайдаланумен байланысты негізгі қауіптердің бірі – олардың жылдамдығы мен қуатының жоғарылығы. Мопедтің цилиндрінің көлемі 50…
