Алматыда қызмет уақытында өрт сөндіруші қаза тапты
Алматыда екі қабатты жеке тұрғын үйдің шатырын шарпыған өртті сөндіру барысында өрт сөндіруші қаза тапты. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today. Ведомствоның хабарлауынша, 25 желтоқсанда сағат 16.56-да Алматы қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 19 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру есептоптары Қарасай ауданы Көкөзек ауылындағы өртті…
