Жамбыл облысында аурухана басшылығы 758 млн теңге жымқырған
Коллаж: Azattyq Ruhy Жамбыл облысында аурухана басшылары 760 миллионға жуық қаражатты ұрлаған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқыру фактісі бойынша «Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының қалалық көпбейінді ауруханасы» ШЖҚ МКК лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі. Бұл туралы Антикордың ресми өкілі Арман Тілеукенов арнайы…
