QazaqToday

 Қызылорда облысында 2 сиыр мен 11 бас қой өртеніп кетті

 Қызылорда облысында өрт салдарынан мал қорада тұрған 2 сиыр мен 11 уақ мал өртеніп кетті, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі. Оқиға бүгін, 2 мамырда сағат 12.33-те Сырдария ауданының орталығы Тереңөзек кенті Б. Өтепов көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында болған. «Оқиға барысында 2 бас ірі қара мал, 11 бас уақ мал өртеніп кеткені белгілі болды. Оған Сырдария ауданындағы…

Толық оқу

Ақтөбе облысында жоғалып кеткен оқушы қыз табылды

 Ақтөбелік оқушы бір күннен соң достарының жанынан, саябақтан табылды. Мектеп оқушысы Аружан Орынбасарова кеше үйінен шығып кеткен. Іздестіру жұмыстарына полициямен бірге еріктілер де жұмылдырылды. Ол достарының жанында болған. — Полиция қызметкерлері оны саябақта достарымен қыдырып жүрген жерінен тапты. Кейін отбасына табысталып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.  Айта кетейік, биыл облыс бойынша…

Толық оқу

Қызылорда облысында 108 адамды кене шаққан

Қызылорда облысында биыл 108 адам кене шағу жағдайымен дәрігерлер көмегіне жүгінді. Ал Қырым-Конго қанды безгегі бойынша 2 жағдай анықталып, оның біреуі зертханалық жолмен нақтыланды. Облыста биыл кенелер көбірек байқалған 115 елді мекен қолайсыз деп танылды. Өткен айдың алғашқы он күндігінде кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары басталды. Бұған байланысты бірінші кезеңі Шиелі, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласында…

Толық оқу

Өскеменде Антикор маңындағы ғимаратты өртемек болған ер адам ұсталды

Өскемен қаласында Антикор маңындағы ғимаратты өртемек болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі. Оқиға бүгін қаладағы Стрелка ауданында болған. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің маңындағы әкімшілік ғимаратты өртемек болған адам ұсталды. «Полиция қызметкерлері 19 жастағы жігітті ұстады. Заңбұзушылық жасағаны үшін ол әкімшілік қамаққа алынды», — деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің…

Толық оқу

Алматы облысында жедел жәрдем көліктерінің 40% тозған – Басқарма

Алматы облысына қарасты жедел жәрдем көліктерінің 40 пайызы тозған, жөндеуді қажет етеді, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі. денсаулық сақтау басқармасы әлеуметтік желіде жедел жәрдем көліктерін сынаған видеоға қатысты пікір білдірді. Әлеуметтік желіде тарған видеодан бұзылып, жүрмей тұрған жедел жәрдем көліктерін көруге болады. «Талғар ауданында неге жедел жәрдем шақырған жерге кеш жетеді? Өйткені 21 көліктің тек 5-уі ғана қызмет…

Толық оқу
Яндекс.Метрика