Өтемақы мен баспана сұраған құлсарылықтар митингке шықты
Жылыой ауданы әкімдігі ғимаратының алдына жиналған тұрғындар өтемақы төлеу, жаңа баспана беру мәселесін көтеріп, ұрандатқан. Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов әкімдік алдына жиналған тұрғындармен кездесті. «Жылыой ауданында 2 920 үйді су басқан. Қазір оның 2 906-сы судан тазартылды. Бүгінге дейін тасқын су кірген 2 667 тұрғын үйге техникалық зерделеу, 2 622 тұрғын үйге бағалау жүргізілді….
