Қызметкерді қорлаған: ауыл тұрғыны әлеуметтік желідегі дөрекі пікірі үшін сотталып кетті
Фото: gov.kz Батыс Қазақстан облысында ауыл тұрғыны әлеуметтік желіде билік өкілін балағаттап, қорқытқаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Qazaq.today облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сотталған азамат Шыңғырлау ауылында отырып Facebook әлеуметтік желісі арқылы қызметтегі лауазымды тұлғаны өлтіремін деп қорқытып, балағаттаған. Сот психологиялық-филологиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, сотталушының пікірі қорлау сипатында екені және әдепсіз сөздерден…
