Таразда шұңқырға құлаған көлікте тұтас бір отбасы зардап шекті
Тараз қаласында 4 адам мінген көлік қаланың қақ ортасында шұңқырға құлап кетті. Облыстық полиция депаратменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, жол апаты 16 маусымда кешкі сағат 17:50-де Төле би даңғылында болған. «Лексус RX300» маркалы көліктің жүргізушісі «Кіруге тыйым салынады» және «Жөндеу жұмыстары» деген жол белгілеріне қарамай, жолдың жабық учаскесіне кіріп кеткен. Ал ол жерде магистральдық құбыр жөндеу…
