«Құрбан айтта қойдың басын үйтпек болған»: Оралдағы жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды
Құрбан айтта қойдың басын үйтпек болғандардың кесірінен жарылыс болды. Орал қаласындағы «Ел ырысы» базарында газ баллоны жарылып, 10 адамның зардап шегуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Орал қаласы ТЖ басқармасының аға анықтаушысы, азаматтық қорғау аға лейтенанты Мирлан Таңаттың мәлім еткеніндей, газ баллоны Құрбан айтқа байланысты ашық алаңда қойдың басын үйіту кезінде жарылған. Оның сөзіне қарағанда, осы…
